ЖРВИ және ЛОР мүшелерінің аурулары

ЖРВИ себептері

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бүкіл әлемде ең көп таралған аурулар тобы болып табылады. Ауруға шалдығудың жоғары болуы спецификалық иммунопрофилактика құралдарының жоқтығымен, тез жұғатынымен және тез таралумен түсіндіріледі. Барлық ЖРВИ жағдайларының 95% жуығын вирустар тудырады.¹ Олардың көпшілігі ауа-тамшы жолымен және аз дәрежеде жанасу арқылы жұғады. Ауруға шалдығудың ең жоғары деңгейі қыркүйектен мамырға дейін байқалады.

ЖРВИ симптомдары

ЖРВИ-дің негізгі симптомдарының бірі – мұрынның бітелуі немесе мұрынның ағуы. Басқа клиникалық көріністердің ішінде тамақтың жыбырлауы және ауыруы, қызудың көтерілуі, әлсіздік болуы мүмкін. Симптомдардың нақты жиынтығы әрқашан қоздырғышқа байланысты. Сондықтан клиникалық көріністе мынадай ахуал байқалуы мүмкін2:
  • Лимфалық түйіндердің үлкеюі
  • Жөтел
  • Құсу
  • Диарея
  • Конъюнктивит

Іс жүзінде ЖРВИ-дің барлығы дерлік жедел басталады және бастапқы кезеңде дене қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, бас ауруына, бұлшықеттер мен буындардың ауыруына ұштасады.3
ЖРВИ-мен күресу үшін Хеель компаниясының бірқатар арнайы препараттары бар.

ЖРВИ емдеу, иммунитетті белсендіру, симптомдарды жеңілдету

Емдеудің бірнеше мақсаты бар – симптомдардың ауырлық дәрежесін төмендету (пациент жағдайын жеңілдету), иммунитетті белсендіру және қоздырғышпен тікелей күресу. Осы мақсаттарға жету үшін әртүрлі топтағы препараттар қолданылады және олар әрқашан жеке таңдалады. Науқастың жағдайын жеңілдетуге, сондай-ақ ЖРВИ ықтимал асқынуының алдын алуға септесу үшін Хеель компаниясының арнайы дәрі-дәрмек желісі бар:

Энгистол®
Таблеткалар

Вирустармен күресуге, суық тию кезінде иммунитетті күшейтуге арналған. Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолдануға қолайлы

Вибуркол Н
Суппозиторийлер
Жаңа туған балаларға дәрігермен кеңескеннен кейін дененің қызуын басатын дәрі-дәрмек ретінде қолдауға болады
Грипп-Хеель
Таблеткалар
Дененің қатты қызуымен және ауыр интоксикациямен өтетін тұмау мен ЖРВИ-ді емдеу үшін. Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу үшін

Тамақтың ауыруы, қабынуы

ЖРВИ-дің тағы бір жиі кездесетін симптомы – тамақтың ауыруы. Оның қарқыны әртүрлі болуы және әртүрлі жағдайда, мысалы, жұту кезінде пайда болуы мүмкін.2

Тамақ ауырғанда және жыбырлағанда науқастың жағдайын жеңілдету, сондай-ақ салқын тигеннен болатын ауруды емдеу және асқынудың алдын алу үшін Хеель компаниясы мынадай препараттарды арнайы әзірледі:

Ангин-Хеель СД
Таблеткалар
Тамақ ауырғанда, тонзиллит болғанда (көмекей безі қабынғанда)
Лимфомиозот Н
Тамшылар
Тонзиллит болғанда (көмекей безі қабынғанда)
Лимфомиозот Н
Инъекциялар
Рецепт бойынша босатылады, маманның кеңесін алу керек

Жөтел, бронхит, трахеит

Жөтел, бронхит, трахеит. Жөтел – тыныс алу жолдарын бөгде заттардан тазартуға бағытталған ең маңызды қорғаныс реакциясы. Бронх пен трахея қабынып зақымданғанда бұл реакция әркез тиімді жұмыс істей бермейді.
Нәтижесінде жіті қабыну процесі созылмалы түрге айналуы мүмкін, ал бұл ауруды одан әрі емдеуді айтарлықтай қиындатады.
Қабынудың созылмалы процеске айналуын болдырмау үшін ағзаға көмектесу мақсатында Хеель компаниясы Бронхалис-Хель препаратын жасады.

Бронхалис-Хеель
Таблеткалар

Тыныс алу жолдарын қабынатын аурулар, мысалы, бронхит (соның ішінде темекі шегушінің бронхиті және созылмалы бронхит), трахеит кезінде емдеуге арналған қақырық шығаратын дәрі

1. Е.Н. Сергиенко, И.Г. Германенко. Острые респираторные вирусные инфекции у детей. Белорусский государственный медицинский университет, РБ (Балалардағы жіті респираторлық вирустық инфекциялар. Беларусь мемлекеттік медицина университеті, БР). https://medmag.bsmu.by/category32/article1517/
2. И.Б. АНГОТОЕВА. ОСТРЫЕ РЕСПИРАТОРНЫЕ ИНФЕКЦИИ (ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАР). Медицинский совет №4 2013 https://www.med-sovet.pro/jour/article/download/998/998
3. Клинические рекомендации. Острые респираторные вирусные инфекции (ОРВИ) у взрослых (Клиникалық нұсқаулар. Ересектердегі жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ)). http://nnoi.ru/uploads/files/kr._orvi_1_.pdf