Басты бет / Сookies файлдарын пайдалану саясаты

Сookies файлдарын пайдалану саясаты

Сookies файлдары дегеніміз не?

Cookies — бұл Сайт пайдаланушының браузеріне жіберетін, тиісті ақпаратты қамтитын және Сіз келіскен жағдайда кейін пайдалану үшін сол жерде сақталатын шағын файлдар. «Биологише Хейльмиттель Хеель Гмбх» жауапкершілігі шектеулі қоғамы (бұдан әрі – «Компания», «біз») www.heel.kz доменінде орналасқан сервисті (бұдан әрі – «Сайт») жұмысқа қабілетті қалыпта ұстау оның парақтарын қараудың ыңғайлылығын қамтамасыз ету және оның өнімділігін арттыру мақсатында cookies файлдарын пайдаланады. Сонымен қатар біз кейбір cookies файлдарын Сіздің қалауыңызды анықтау және контентті дараландыру, сондай-ақ пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін пайдаланамыз. Сіз пайдаланылатын бағдарламалық жасақтаманы (браузерді) теңшеу арқылы cookies файлдарын пайдалануға тыйым салуға құқығыңыз бар. Cookies файлдарын жою немесе бұғаттау Сайттың кейбір немесе барлық бөлімдері мен функцияларының қолжетімділігін ішінара немесе толық шектеуге әкелуі мүмкін екеніне назарыңызды аударамыз.

Біз пайдаланатын cookies файлдарының түрлері

Егер Сіз тілді, қаріп өлшемін немесе Сайттың нақты бір нұсқасын (мысалы, контрастылығы жоғары нұсқасын) орнатсаңыз, біз пайдаланушы интерфейсін теңшеу үшін cookies файлдарын пайдаланамыз. Теңшелімдерді орнатқаннан кейін Сайтқа келесі кірген кезіңізде қалауыңызды көрсетудің қажеті болмайды.

Егер Сіз мазмұнға қол жеткізу үшін тіркелуді қажет ететін Сайт парақтарын пайдалансаңыз, онда біз Сіздің компьютеріңізге аутентификация үшін қажетті cookies файлдарын орналастырамыз. Бұл осындай парақтарға қайталама аутентификациясыз оралуыңызға мүмкіндік береді.

Егер Сіздің компьютеріңізде Adobe Flash орнатылған болса (ол көпшілік компьютерде бар) және Сіз бейнеойнатқыштарды пайдалансаңыз, онда біз Сіздің компьютерге Flash cookies файлдарын сақтаймыз. Бұл файлдар бейне немесе аудиоконтентті ойнату үшін қажетті деректерді сақтау үшін, сондай-ақ пайдаланушы қалауын сақтау үшін пайдаланылады.

Компания Сайтқа кірушілердің Сайтты қалай пайдаланатынын білу үшін веб-сараптау сервистерін пайдаланады. Мұндай сервистер келушілер санын есептейді және бізге келушілердің мінез-құлқы туралы жалпы ақпарат береді, мысалы, пайдаланушының Сайтқа кіруіне мүмкіндік берген іздеу жүйелеріндегі негізгі сөздерді, Сайтта болуының стандартты ұзақтығын немесе пайдаланушы қараған беттердің орташа санын анықтайды.

Сондай-ақ веб-статистиканы қадағалау үшін біздің Google Analytics сияқты сервистерді де пайдалануымыз мүмкін. Бұл жағдайда Google Сіздің компьютеріңізге cookies файлдарын орналастырады. Сіз Google карталарын пайдаланған кезде де дәл солай болады.

Осы cookies көмегімен жиналған кез келген деректерді Компания сақтайды және пайдаланады.

Сookies файлдары туралы ескерту

Бұл сайт жұмысты жақсарту және Сізге ыңғайлы болу үшін cookies файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыра отырып, Сіз біздің cookies файлдарын пайдалануымызға келісесіз. Компанияның cookies файлдарын қалай пайдаланатыны және оларды қалай басқаруға болатыны туралы Құпиялық саясатынан толығырақ біле аласыз. Сайтта қалу арқылы сіз cookies файлдарын пайдаланудың аталмыш шарттарын қабылдайсыз.