Басты бет / Біз туралы

Біз туралы

Хеель – табиғи ингредиенттерден жасалған дәрі-дәрмек шығаруға маманданған халықаралық фармацевтикалық компания. Траумель C немесе Ньюрексан® сияқты біздің препараттарымыз медицина ғылымы саласындағы сарапшылық білімнің жоғары деңгейдегі болуының арқасында пайда болды. Біз күн сайын бүкіл әлемдегі пациенттерге көмектесу үшін сапалы дәрі-дәрмек жасау үшін тынымсыз жұмыс істейміз.

Хеель – табиғат сыйлаған денсаулық

Біздің өнімдер жаһандық деңгейде ұсынылған

Хеель компаниясының тарихы 80 жылдан астам уақыт бұрын бір прогрессивті идеядан басталды және осы уақыт ішінде компания миллиондаған адамның сеніміне ие дәрі-дәрмектердің жаһандық өндірушісіне айналды. Хеель – дүние жүзінде, барлық континентте Хеель препараттары Қазақстанда және әлемнің 50-ден астам елінде бар
Карта мира
Карта мира

Біздің препараттар әртүрлі ауруларды емдеуге септеседі

Симптомдарды кетірудің орнына
Адам организмінің әсерлі, жан-жақты және өте күрделі ұйымдастырылған мүмкіндіктері бар. Біздің препараттар организмнің өзіндік әлеуетін пайдалануға бағытталған. Табиғи ингредиенттердің арқасында олар адамның сауығуына жәрдемдесу үшін организмнің ішкі процестерін белсендіреді, реттейді және моделдейді.

Хеель – тиімділік пен қауіпсіздік

БІРНЕШЕ ТЕРАПЕВТІК САЛАДА, МЫСАЛЫ:

Біз зерттеу жүргіземіз1,2

Бәрі ең жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес

Біз фармацевтикалық өнімдеріміздің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеу үшін клиникалық зерттеу, сондай-ақ дәрі-дәрмектеріміздің әсер ету механизмін егжей-тегжейлі зерделеу үшін клиникаға дейінгі зерттеу жүргіземіз.

Біз озық технологияларды қолдану жолымен, жетекші ғалымдардың жаһандық қоғамдастығын қатыстыру арқылы және дәлелді медицина қағидаттарына қатаң сәйкестікте ғылыми-зерттеушілік ұмтылыстарымызды іске асырамыз.

Хеель – келешегі зор және тұрақтылықпен дамып келе жатқан компания

Клиникалық зерттеулер
Толығырақ білу

Біздің зерттеу бағдарламамыздың өзегі

Ғылыми зерттеулер Хеель дәрілік препараттарының тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеу үшін жүргізіледі.

Біздің медициналық және ғылыми-зерттеу топтарымыз шетелдік серіктестермен тығыз ынтымақтастықта деректер бүркемеленетін ерікті таңдау әдісімен бақыланатын клиникалық сынақтарды әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ рутиналық клиникалық тәжірибе жағдайында алынған дәлелдерді талдайды. Клиникалық зерттеулер бүкіл әлемде қабылданған этикалық нормалар мен ғылыми стандарттарға қатаң сәйкестікте жүргізіледі.

Біз клиникалық зерттеу жоспарларын әзірлеу және нәтижелерді түсіндіру үшін медицина және ғылым саласындағы тәуелсіз сарапшыларды белсенді түрде қатыстырамыз.

Барлық зерттеулер рецензияланатын беделді медициналық журналдарда жарияланады. Жүргізілген зерттеулердің негізінде Хеель препараттары бірнеше диагностика және емдеу хаттамасына енгізілген.

Клиникаға дейінгі зерттеулер
Толығырақ білу

Биологиялық әсерді талдау
Клиникаға дейінгі зерттеулер Хеель дәрілік препараттарының биологиялық әсерін зерттеу үшін қолданылады.

Хеель дәрі-дәрмектері организмге кешенді әсер етуге арналған табиғи ингредиенттердің негізіндегі белсенді компоненттерден тұратындықтан, олардың әсер ету механизмі синтетикалық препараттарға қарағанда әлдеқайда кең болуы мүмкін.

Биологиялық әсерді талдау үшін біз заманауи технологияларды – соның ішінде транскриптомиканы* қолданамыз. Бұл кешенді препараттардың әсерін зерттеудің сенімді әдісі.

Ньюрексан® нейроэндокриндік жауапты басу арқылы стрестік реакцияларды төмендетеді Рандомизацияланған, қос соқыр, плацебо-бақылау зерттеуі

Толығырақ білу

Траумель® табан буынының байламдары ауыр созылған жағдайда тиімді1 Рандомизацияланған, белсенді-бақыланатын, көп центрлі, үш топтық, соқыр зерттеу

Толығырақ білу

Вертигохель® - (препарат Қазақстан аумағында тіркелмеген және оны Қазақстан аумағында қолдануға тағайындауға болмайды), бас айналуды емдеуде тиімді2 Рандомизацияланған, қос соқыр, бақыланатын клиникалық зерттеу

Толығырақ білу

Біз дәрі-дәрмек өндіреміз

Біздің дәрілік препараттарымыз Баден-Баден қаласында өндіріледі және "Германияда жасалған" деген сапа белгісімен етене байланысты. Біз үшін шын мәнінде жоғары сапалы өнімді жеткізу өте маңызды және біз бұған қажетті сертификаттаудан өткен және ең жоғары талаптарға сай келетін өндірістік процесс арқылы қол жеткіземіз. Әр жеке қаптаманың жолы барлық кезеңде – табиғи шикізатты дайындаудан бастап дайын өнімді жеткізуге дейін бақыланады және құжатталады.

Хеель – жоғары сапа және қауіпсіздік

Табиғи ингредиенттер

Біздің дәрі-дәрмектерді өндіру үшін пайдаланылатын табиғи шикізат өндіріске жіберілмес бұрын қатаң іріктеуден және сапа бақылауынан өтеді.

Өндірістік процестің әрбір кезеңі – табиғи шикізатты дайындаудан бастап, біздің зауыттан шығатын қаптаманы өндіруге дейін – қатаң сынақ, процесті тексеру және сапаны бақылау жүйесінің арқасында үнемі бақыланады және құжатталады. Мұның барлығы өндірілетін дәрілік препараттардың сапасы жоғары болуын қамтамасыз етуімізге көмектеседі.

Жоғары технологиялы өндіріс

“Германияда жасалған”

Хеель компаниясы өз өнімдерін Германияда, ең жоғары халықаралық фармацевтикалық стандарттарға сәйкес шығарады.
Біздің зертханаларымыз бен өндіріс алаңдарымыз АҚШ-тың Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектің сапасын бақылау басқармасы (FDA) сияқты дүние жүзінде танылған ұйымдарда сертификаттаудан өтеді, сондай-ақ Дәрілік заттарды өндіру және сапасын бақылау ұйымының бекіткен (GMP) ережелеріне сәйкестікке келтірілген.

Біз ынтымақтастық құруға ашықпыз!

Біз Хеель компаниясымен Қазақстанда табысты бірлескен бизнес құруға дайын компаниялармен ынтымақтастық орнатуды құптаймыз. Ынтымақтастық шарттары бойынша барлық қосымша ақпаратты төмендегі нысанды. толтыру және жолдау арқылы алуға болады.

Бізбен ынтымақтастықты бастау

*Транскриптомдық технологиялар – организмнің транскриптомын (яғни, барлық РНҚ-транскриптерінің жиынтығын) зерттеу үшін әзірленген әдістер. Транскриптом құрамына РНҚ бөлінген кезде жасушада болған барлық транскриптер кіреді. Транскриптомды зерттей отырып, белгілі бір уақытта қандай жасушалық процестердің белсенді болғанын анықтауға болады.

1. González de Vega C, González J, on behalf of Traumeel Acute Ankle Sprain Spain Study (TAASS) Investigators. A randomized, controlled, multicenter study on the effectiveness of Traumeel (Ointment and Gel) in terms of pain reduction and function improvement compared with diclofenac gel in acute ankle sprain. Ann Rheum Dis 2012; 71(Suppl III): Abstract [SAT0423].

2. Weiser M, et al. Arch Otolaryngol Head Neck Surg. 1998;124(8):879–885.