Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) бүкіл әлемде ең көп таралған аурулар тобы болып табылады. Ауруға шалдығудың жоғары болуы спецификалық иммунопрофилактика құралдарының жоқтығымен, тез жұғатынымен және тез таралумен түсіндіріледі. Барлық ЖРВИ жағдайларының 95% жуығын вирустар тудырады.¹ Олардың көпшілігі ауа-тамшы жолымен және аз дәрежеде жанасу арқылы жұғады. Ауруға шалдығудың ең жоғары деңгейі қыркүйектен мамырға дейін байқалады.
Іс жүзінде ЖРВИ-дің барлығы дерлік жедел басталады және бастапқы кезеңде дене қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, бас ауруына, бұлшықеттер мен буындардың ауыруына ұштасады.3
ЖРВИ-мен күресу үшін Хеель компаниясының бірқатар арнайы препараттары бар.
Емдеудің бірнеше мақсаты бар – симптомдардың ауырлық дәрежесін төмендету (пациент жағдайын жеңілдету), иммунитетті белсендіру және қоздырғышпен тікелей күресу. Осы мақсаттарға жету үшін әртүрлі топтағы препараттар қолданылады және олар әрқашан жеке таңдалады. Науқастың жағдайын жеңілдетуге, сондай-ақ ЖРВИ ықтимал асқынуының алдын алуға септесу үшін Хеель компаниясының арнайы дәрі-дәрмек желісі бар:
Вирустармен күресуге, суық тию кезінде иммунитетті күшейтуге арналған. Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолдануға қолайлы
ЖРВИ-дің тағы бір жиі кездесетін симптомы – тамақтың ауыруы. Оның қарқыны әртүрлі болуы және әртүрлі жағдайда, мысалы, жұту кезінде пайда болуы мүмкін.2
Тамақ ауырғанда және жыбырлағанда науқастың жағдайын жеңілдету, сондай-ақ салқын тигеннен болатын ауруды емдеу және асқынудың алдын алу үшін Хеель компаниясы мынадай препараттарды арнайы әзірледі:
Жөтел, бронхит, трахеит. Жөтел – тыныс алу жолдарын бөгде заттардан тазартуға бағытталған ең маңызды қорғаныс реакциясы. Бронх пен трахея қабынып зақымданғанда бұл реакция әркез тиімді жұмыс істей бермейді.
Нәтижесінде жіті қабыну процесі созылмалы түрге айналуы мүмкін, ал бұл ауруды одан әрі емдеуді айтарлықтай қиындатады.
Қабынудың созылмалы процеске айналуын болдырмау үшін ағзаға көмектесу мақсатында Хеель компаниясы Бронхалис-Хель препаратын жасады.
Тыныс алу жолдарын қабынатын аурулар, мысалы, бронхит (соның ішінде темекі шегушінің бронхиті және созылмалы бронхит), трахеит кезінде емдеуге арналған қақырық шығаратын дәрі
1. Е.Н. Сергиенко, И.Г. Германенко. Острые респираторные вирусные инфекции у детей. Белорусский государственный медицинский университет, РБ (Балалардағы жіті респираторлық вирустық инфекциялар. Беларусь мемлекеттік медицина университеті, БР). https://medmag.bsmu.by/category32/article1517/
2. И.Б. АНГОТОЕВА. ОСТРЫЕ РЕСПИРАТОРНЫЕ ИНФЕКЦИИ (ЖІТІ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАР). Медицинский совет №4 2013 https://www.med-sovet.pro/jour/article/download/998/998
3. Клинические рекомендации. Острые респираторные вирусные инфекции (ОРВИ) у взрослых (Клиникалық нұсқаулар. Ересектердегі жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ)). http://nnoi.ru/uploads/files/kr._orvi_1_.pdf
Бұл сайт сайттың жұмысын және Сіздің онымен әрекеттесу тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыру Сіздің cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растау болып табылады. "БИОЛОГИШЕ ХЕЙЛЬМИТТЕЛЬ ХЕЕЛЬ ГМБХ" ЖШҚ-ның cookies файлдарын қалай пайдаланатыны және оларды қалай басқару керектігі туралы толығырақ ақпарат «Cookies файлдарын пайдалану» және «Құпиялық саясаты» бөлімдерінде берілген. Сайтта қалу арқылы Сіз cookies файлдарын пайдаланудың аталмыш шарттарын қабылдайсыз.
Notifications