Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№022608

Саудалық атауы

Лимфомиозот Н

Дəрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді

Қолданылуы

Лимфа дренажын, организмнің спецификалық емес иммундық қорғанысын жақсарту үшін, сондай-ақ лимфа түйіндерінің қатерлі емес гипертрофиясы, созылмалы тонзиллит, бадамша без гипертрофия жəне лимфа түйіндерінің ісінуі сияқты жай-күйлерін жақсарту үшін.

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Стандартты дозасы:
Ересектерге (жəне 12 жастан үлкен балалар):
1 ампуладан аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
Педиатрияда:
2-5 жас: 1⁄2 ампуладан аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
6-11 жас: 2⁄3 ампуладан аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
Жедел жай-күйдегі бастапқы дозасы:
Ересектерге (жəне 12 жастан үлкен балалар):
1 ампуладан күн сайын, содан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
Педиатрияда:
2-5 жас: 1⁄2 ампуладан күн сайын, содан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
6-11 жас: 2⁄3 ампуладан күн сайын, содан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы - 2-5 апта.
Енгізу тəсілі:
Лимфомиозот Н, инъекцияға арналған ерітінді, тері астына, бұлшықет ішіне, артерия ішіне немесе вена ішіне енгізілуі мүмкін.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Құрамы

1 ампуланың (1.1 мл) ішінде
белсенді заттар:
Araneus diadematus D6 0.55 мг
Calcium phosphoricum D12 0.55 мг
Equisetum hiemale D4 0.55 мг
Ferrum iodatum D12 1.10 мг
Fumaria officinalis D4 0.55 мг
Gentiana lutea D5 0.55 мг
Geranium robertianum D4 1.10 мг
Levothyroxinum D12 0.55 мг
Myosotis arvensis D3 0.55 мг
Nasturtium officinale D4 1.10 мг
Natrium sulfuricum D4 0.55 мг
Pinus silvestris D4 0.55 мг
Scrophularia nodosa D3 0.55 мг
Smilax D6 0.55 мг
Teucrium scorodonia D3 0.55 мг
Veronica officinalis D3 0.55 мг
қосымша заттар: натрий хлориді 10.4 мг, инъекцияға арналған су 1089.6 мг

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз ерітінді, иіссіз.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа терапиялық өнімдер. Басқа да дəрілік өнімдер.
АТХ коды V03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы:
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкіндігі жоқ.
Фармакодинамикасы:
Лимфомиозот Н кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Лимфомиозот Н организмнің спецификалық емес қорғанысына және лимфодренаждағы ісінуге бейімділігіне байланысты жайкүйлерде немесе бадамша бездер немесе басқа лимфа түйіндер гипертрофиясымен лимфа диатезінде демеуші әсер етеді. Препарат әсері организмнің қорғаныс күшінің белсенуіне және препарат құрамына кіретін заттар есебінен бұзылған функцияны қалыпқа келтіруге негізделген.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препараттың бір немесе одан көп ингредиенттеріне аллергия жағдайлары белгілі (аса жоғары сезімталдық).

Айрықша нұсқаулар

Егер симптомдары сақталса немесе нашарласа, сіз дəрігермен немесе маман медициналық қызметкермен кеңесуіңіз керек.
Жүктілік жəне лактация кезеңі
Жүктілікте жəне бала емізгенде препарат құрамына кіретін гомеопатиялық сұйылтылған заттардың уыттылығы зерттелмеген. Жүктілікте жəне
бала емізу кезеңінде қолданар алдында дəрігермен кеңесу керек.
Дəрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер ету ерекшеліктері
Əсер етпейді

Жағымсыз əсерлері

Препараттың бір немесе одан көп ингредиенттеріне аллергия жағдайлары белгілі (аса жоғары сезімталдық).

Артық дозалануы

Артық дозалануының бірде бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтумен байланысы күтілмейді.

Лекарственные взаимодействия / Дəрілермен өзара əрекеттесуі

Ни одного случая взаимодействия с другими лекарственными препаратами не зарегистрировано и не ожидается в связи с гомеопатическим разведением.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесудің бір де бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтумен байланысы күтілмейді.

Форма выпуска и упаковка / Шығарылу түрі жəне қаптамасы

По 1.1 мл в ампулы бесцветного стекла.
По 5 ампул помещают в поддон из ПВХ и вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках вкладывают в пачку из картона.

1.1 мл түссіз шыны ампулаларда.
ПВХ-дан жасалған тұғырда 5 ампуладан жəне медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл
қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші/Қаптаушы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куəлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағындағы: тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына атысты шағымдарды (ұсыныстарды) абылдайтын; дәрілік заттың
тіркеуден кейінгі ауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы,
әл-Фараби даңғ., 75А үй, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83