Энгистол®

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу

Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№014728

Саудалық атауы

Энгистол®

Дəрілік түрі

Таблеткалар

Қолданылуы

Тұмау жəне жедел респираторлық вирустық инфекцияларды кешенді емдеуде, организмнің спецификалық емес қорғаныш механизмдерін белсендіретін дəрі ретінде.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: күніне 3 рет 1 таблеткадан. Таблетканы тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын немесе 1 сағаттан соң тіл астына қойып сорады. 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 2 рет 1 таблеткадан. Таблетканы тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын немесе 1 сағаттан соң тіл астына қойып сорады, не болмаса таблетканы езіп, судың аздаған мөлшеріне қосып ішуге болады. 6 жастан бастап балаларға жəне ересектерге: жедел жағдайларда 2 сағат бойы əр 15 минут сайын 1 таблеткадан (барлығы - 8 таблетка), содан кейін ұсынылатын дозада ұстап отырады.

Таблетканы тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын немесе 1 сағаттан соң тіл астына қойып сорады, не болмаса таблетканы езіп, судың аздаған мөлшеріне қосып ішуге болады.

Дəрігердің кеңесінсіз 1 аптадан артық қабылдауға болмайды.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар, Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: күніне 3 рет 1 таблеткадан. Таблетканы тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын немесе 1 сағаттан соң тіл астына қойып сорады.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға күніне 2 рет 1 таблеткадан. Таблетканы тамақтануға дейін
15-20 минут бұрын немесе 1 сағаттан соң тіл астына қойып сорады, не болмаса таблетканы
езіп, судың аздаған мөлшеріне қосып ішуге болады.
6 жастан бастап балаларға жəне ересектерге: жедел жағдайларда 2 сағат бойы əр 15 минут
сайын 1 таблеткадан (барлығы - 8 таблетка), содан кейін ұсынылатын дозада ұстап отырады.

Таблетканы тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын немесе 1 сағаттан соң тіл астына қойып сорады, не болмаса таблетканы езіп, судың аздаған мөлшеріне қосып ішуге болады.

Дəрігердің кеңесінсіз 1 аптадан артық қабылдауға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дəрілік препараттар.
АТХ коды V03AX
Препарат гомеопатиялық болып табылады.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мəліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне (күкірт жəне дəрілік мизамшөп) аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен
- жүктілік жəне лактация кезеңі

Басқа дəрілік препараттармен өзара əрекеттесуі

Басқа дəрілік заттармен өзара əрекеттесуі анықталмаған.
Кешенді гомеопатиялық препараттарды тағайындау осы ауруда қолданылатын басқа дəрілік
заттарды пайдалануды жоққа шығармайды.

Арнайы ескертулер

Гомеопатиялық дəрілік заттарды қабылдағанда бар симптомдар (бастапқы нашарлауы) уақытша өршуі мүмкін. Бұл жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, емдеуші дəрігерге қаралу керек. Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта сипатталмаған жағымсыз əсерлер пайда болғанда, бұл жөнінде дəрігерге хабарлау керек.
Қант диабетіне шалдыққан пациенттерге нұсқау: 1 таблетканың құрамында 0,025 НБ бар.

Лактоза жақпаушылығынан зардап шегетін пациенттерге препаратты қабылдар алдында дəрі-
гермен кеңесу керек.

Жүктілік жəне лактация кезінде
Алдын ала дəрігермен кеңесуден кейін ғана қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер
ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы анықталмаған.

Жағымсыз әсерлердің сипаттамасы

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы жəне осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Жағымсыз əсерлер жүйелік-ағзалық класстар мен жиілігі бойынша мынадай жіктемеге сəйкес төменде келтірілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін),
сирек (≥1/10,000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10,000), жиілігі белгісіз (жиілігі белгісіз жағымсыз
реакциялар, себебі қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Сирек:
- тері бөртпесі, қышыну, қызару
- іштің ауыруы
- дімкəстік

Жағымсыз реакциялар

Жағымсыз дəрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дəрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дəрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (əсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz

Дəрілік препараттың құрамы

Бір таблетка құрамында
Белсенді заттар:
Sulfur D4 37.5 мг
Sulfur D10 37.5 мг
Vincetoxicum hirundinaria D6 75.0 мг
Vincetoxicum hirundinaria D10 75.0 мг
Vincetoxicum hirundinaria D30 75.0 мг
қосымша заттар: магний стеараты, лактоза моногидраты*.
* - лактоза моногидраты қосымша зат болып табылмайды, бірақ өндіріс үдерісінде тек белсенді заттардың əсерін күшейту үшін орта ретінде пайдаланылады.

Сыртқы түрінің, иісінің, дəмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, иіссіз, ойығы бар, ақтан сарғыш-ақ түске дейінгі таблеткалар.

Шығарылу түрі жəне қаптамасы

50 таблеткадан полипропилен контейнерге салынады.
Полипропилен контейнер медициналық қолдану жөніндегі қазақ жəне орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Өндіруші туралы мəлімет

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тел.: +49 7221 501-00
Факс: +49 7221 501-210
info@heel.com

Тіркеу куəлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тел.: +49 7221 501-00
Факс: +49 7221 501-210
info@heel.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дəрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын жəне дəрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы жəне байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
050040, ҚР, Алматы, Əл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 99

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу