Басты бет / Барлық өнімдер / Ангин-Хеель СД

Ангин-Хеель СД

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу

Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№018174

Саудалық атауы

АНГИН-ХЕЕЛЬ СД

Дəрілік түрі

Таблеткалар

Қолданылуы

- тонзиллитте

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Стандартты доза:
Ересектерге (жəне 12 жастағы балаларға жəне одан үлкендерге): күніне 3 рет 1 таблеткадан ауызда баяу еріту.
Балалар:
1 жастан 5 жасқа дейінгілерге: күніне 3 рет 1/2 таблеткадан ауызда баяу еріту.
6 жастан 11 жасқа дейінгілерге: күніне 2 рет 1 таблеткадан ауызда баяу еріту.
Жедел жағдайларда немесе бастапқы доза:
Ересектерге (жəне 12 жастағы балаларға жəне одан үлкендерге):
Тəулігіне ең көп дегенде 12 таблеткаға дейін, əр жарты сағат сайын немесе бір сағат сайын 1 таблеткадан, одан кейін қабылдауды стандартты дозада жалғастыру керек.
Балалар:
1 жастан 5 жасқа дейінгілерге: тəулігіне ең көп дегенде 6 таблеткаға дейін, əр 1-2 сағат
сайын 1/2 таблеткадан ауызда баяу еріту, одан кейін қабылдауды стандартты дозада жалғастыру керек.
6 жастан 11 жасқа дейінгілерге: тəулігіне ең көп дегенде 8 таблеткаға дейін, əр 1-2 сағат сайын 1 таблеткадан ауызда баяу еріту, одан кейін қабылдауды стандартты дозада жалғастыру керек.

Дəрілік препаратты қолдану тəсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Əрдайым бұл препаратты дəрігердің немесе фармацевтің нұсқауы бойынша қабылдаңыз. Егер сенімді болмасаңыз, дəрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. Егер сізде осы препаратты пайдалану туралы басқа сұрақтар туындаса, дəрігеріңізден немесе медициналық қызметкерден сұраңыз.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 9 °C-ден 29 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. АТХ коды V03A

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- қашқаргүл тұқымдас (күрделі гүлді) өсімдіктерге жəне препараттың қосымша немесе басқа да белсенді компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Егер симптомдар тоқтамаса немесе нашарласа, дəрігерден немесе медициналық қызмет- керден кеңес алу керек.

Басқа дəрілік препараттармен өзара əрекеттесуі

Басқа дəрілік заттармен өзара əрекеттесуі анықталмаған.

Арнайы сақтандырулар

Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан лактоза көтере алмайтын, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы жəне глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер препаратты қолданбаулары керек. Педиатрияда қолданылуы Берілген препаратты балаларда пайдалану тəжірибесінің құжатты деректері жеткіліксіз. Жүктілік жəне лактация кезеңі Алдын ала дəрігерден кеңес алғаннан кейін ғана қолдану керек. Дəрілік заттың көлік құралын жəне қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер ету ерекшеліктері Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер етпейді.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препараттың артық дозалану жағдайы туралы сипатталмаған.

Дəрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы жəне осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері жəне жүйелік-ағзалық жіктеуге сəйкес жəне олардың туындау жиілігіне сəйкес жағымсыз реакциялардың жіктеуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сəйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде жиілігін бағалау мүмкін емес)
- сілекейдің көп бөлінуі (препарат қабылдауды тоқтатып, дəрігер кеңесін алу керек)
- аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дəрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацев- тикалық қызметкерге немесе, дəрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарла- маларды қоса, дəрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (əсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жəне фармацевти-калық бақылау комитетінің «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау
ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz

Дəрілік препарат құрамы

Бір таблетканың құрамында
Белсенді заттар:
Apis mellifica D4 30.0 мг
Arnica montana D4 30.0 мг
Atropa bella-donna D4 60.0 мг
Hepar sulfuris D6 60.0 мг
Hydrargyrum bicyanatum D8 30.0 мг
Phytolacca americana D4 30.0 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дəмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақтан сарғыш-ақ түске дейінгі, ойығы бар, иісі жоқ таблеткалар.

Шығарылу түрі жəне қаптамасы

Полипропиленнен жасалған тығын-қақпағы бар полипропилен контейнерге 50 таблеткадан салынған.
1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі қазақ жəне орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Өндіруші туралы мəліметтер

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тел.: +49 7221 501-00
Факс: +49 7221 501-210
info@heel.com

Тіркеу куəлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тел.: +49 7221 501-00
Факс: +49 7221 501-210
info@heel.com

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу