Цель

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу

Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№022491

Саудалық атауы

Цель

Дəрілік түрі

Таблеткалар

Қолданылуы

Артроз/остеоартрит жəне/немесе буындардың ревматизмдік ауруларында.

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Қолдану тəсілі жəне дозалануы:
Стандартты доза:
Ересектер (жəне 12 жастан асқан балалар):
Күніне 3 рет 1 таблеткадан.
6-11 жастағы балалар: күніне 2 рет 1 таблетка.
Жедел жағдайларда алғашқы дозалануы:
Ересектер (жəне 12 жастан үлкен балалар):
Əрбір 1⁄2 сағатта-1 сағатта 1 таблеткадан күнделікті 12 таблеткаға дейін, одан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
6-11 жастағы балалар: əрбір 1-2 сағатта 1 таблеткаадан, күніне 8 рет, одан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
Емдеу ұзақтығы
Жедел жағдайда бастапқы дозаны бірнеше күн қолданылады, əдетте 2-ден 3 күнге дейін.
Стандартты ем шамамен 1-2 айға созылады.
Қолдану тəсілі:
Ішке.
Дұрысы таблетканы ауызда ерітіп, содан соң жұтқан жөн.
Балаларға таблетканы ұнтақтап салып судың аздаған мөлшерімен беруге болады. Бұл дəрі аш қарынға немесе
тағам қабылдау арасындағы аралығында қабылдануы тиіс.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын темп ературада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:
Cartilago suis D4 0.30 ¹ мг
Coenzym A D6 0.03 ¹ мг
Embryo totalis suis D4 0.30 ¹ мг
Funiculus umbilicalis suis D4 0.30 ¹ мг
Nadidum D6 0.03 ¹ мг
Placenta totalis suis D4 0.30 ¹ мг
Rhus toxicodendron D2 0.54 ¹ мг
Sanguinaria canadensis D3 0.45 ¹ мг
Solanum dulcamara D2 0.15 ¹ мг
Sulfur D6 0.54 ¹ мг
Symphytum officinale D8 0.15 ¹ мг
Arnica montana МТ=D1 0.60 ¹ мг
Acidum silicicum D6 3.00 мг
Acidum thiocticum D6 0.03 мг
Natrium diethyloxalaceticum D6 0.03 мг
қосымша заттар:
лактоза моногидраты 296.94 мг, магний стеараты 1.5 мг
¹ – сулы-спиртті сұйылтылған түрінде пайдаланылады, су жəне этанол өндіріс үдерісінде жойылады

Сипаттамасы

Иісі жоқ, ойығы бар, ақтан сарғыш-ақшыл түске дейінгі, беті тегіс, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды M09AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Цель кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Цель сіңірлердің зақымдануына қарсы қорғағыш əсер етеді жəне реттегіш белсендіру жасушалары жəне факторлары арқылы сіңірлердің қайта қалпына келуін жеңілдетеді. Препараттың əсері организмнің белсенді қорғағыш күшімен жəне препараттың құрамындағы затқа байланысты бұзылған функциялардың қалпына келтірумен негізделген.

Жағымсыз əсерлері

Басқа дəрілік заттар сияқты бұл гомеопатиялық дəрі де жағымсыз əсер туындатуы мүмкін. Бірлі-жарым жағдайларда қысқа мерзімдік терінің аллергиялық реакциясы жөнінде хабар болған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препараттың біріне немесе одан көп ингредиенттеріне аллергиялық (аса жоғары сезімталдық) реакциялары белгілі.

Дəрілермен өзара əрекеттесуі

Басқа дəрілік заттармен өзара байланысуы жөнінде бірде бір жағдай тіркелмеген жəне гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, Сіз дəрігерден немесе кəсіби медицина қызметкерден кеңес алуыңыз керек. Бұл өнімнің құрамында лактоза бар. Егер Сізде лактозаны (сүт қантын) көтере алмаушылық болса, бұл дəрілік препаратты қолданудан бұрын дəрігерден кеңес алыңыз.
Жүктілік жəне лактация кезеңі
Осы препараттың құрамында бар гомеопатиялық сұйылтылған зат, белгілі болғандай жүктілік жəне лактация кезеңінде уыттылық əсер көрсетпейді. Басқа дəрілік препараттар сияқты жүктілік жəне лактация кезеңінде препаратты қолданудың алдында дəрігерден жəне фармацевтен кеңес алу керек.
Дəрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқару жəне механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне əсер ету жағдайы тіркелмеген жəне гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.

Артық дозалануы

Артық дозалануының бірде бір жағдайы тіркелмеген жəне гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.

Шығарылу түрі жəне қаптамасы

Ақ полипропилен қақпағы бар ақ полипропилен контейнерге 50 таблеткадан салынған.
1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші/Қаптаушы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куəлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды)
қабылдайтын; дəрілік заттың тіркеуден кейін қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы, əл-Фараби даңғ, 75А үйі, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу