ҚР-ДЗ-5№022680
Цель
Инъекцияға арналған ерітінді, 2 г
Артроз/остеоартрит жəне/немесе буындардың ревматизмдік ауруларында.
Егер өзгеше қөзделмесе:
Стандартты доза:
Ересектер (жəне 12 жастан асқан балалар):
1 ампула аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
Педиатрияда:
6-11 жас: 2⁄3 ампула (1.3 мл) аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
Жедел жағдайларда алғашқы дозалануы:
Ересектер (жəне 12 жастан асқан балалар):
1 ампула күнделікті, одан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
Педиатрияда:
6-11 жас: 2⁄3 ампула (1.3 мл) күнделікті, одан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
Емдеу ұзақтығы
Жедел жағдайда бастапқы дозаны бірнеше күн қолданылады, əдетте 2-ден 3 күнге дейін (күнделікті инъекция). Одан əрі буынның жағдайы байқалатындай жақсаруы үшін, Цель стандартты дозада 1-2 ай бойы пайдаланылуы тиіс.
Енгізу тəсілі:
Цель, инъекцияға арналған ерітіндісін тері астына, бұлшықет ішіне, буын ішіне жəне вена ішіне енгізуге болады.
Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Бір ампуланың ішінде
белсенді заттар:
Cartilago suis D6 2.0 мг
Coenzym A D8 2.0 мг
Embryo totalis suis D6 2.0 мг
Funiculus umbilicalis suis D6 2.0 мг
Nadidum D8 2.0 мг
Placenta totalis suis D6 2.0 мг
Sanguinaria canadensis D4 3.0 мг
Solanum dulcamara D3 10.0 мг
Symphytum officinale D6 10.0 мг
Acidum thiocticum D8 2.0 мг
Arnica montana D4 200.0 мг
Natrium diethyloxalaceticum D8 2.0 мг
Rhus toxicodendron D2 10.0 мг
Sulfur D6 3.6 мг
қосымша заттар:
натрий хлориді 17.6 мг, инъекцияға арналған су
Иісі жоқ, мөлдір түссіз ерітінді.
Тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды M09AX
Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Цель кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Цель сіңірлердің зақымдануына қарсы қорғағыш əсер етеді жəне реттегіш белсендіру жасушалары жəне факторлары арқылы сіңірлердің қайта қалпына келуін жеңілдетеді. Препараттың əсері организмнің белсенді қорғағыш күшімен жəне препараттың құрамындағы затқа байланысты бұзылған функциялардың қалпына келтірумен негізделген.
Ампуланы ашу үшін оны кесудің қажеті жоқ. Ампуланы еңкейте ұстап, нүкте түріндегі таңбасын үстіне қаратып, сұйықтық төменгі жағына түскенше сілку немесе сыртынан шерту керек. Таңбасына қарама-қарсы жаққа қарай баса отырып, ампуланың бас жағын сындырыңыз.
Басқа дəрілер сияқты, бұл гомеопатиялық дəрі жағымсыз əсер туындатуы мүмкін. Бірлі-жарым жағдайларда қысқа мерзімдік терінің аллергиялық реакциясы жөнінде хабар болған.
Препараттың біріне немесе одан көп ингредиенттеріне аллергия жағдайлары (аса жоғары сезімталдық) белгілі.
Басқа дəрілік препараттармен өзара байланысудың бірде бір жағдайы тіркелмеген жəне гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.
Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, сіз дəрігерден немесе кəсіби медициналық қызметкерден кеңес алуыңыз керек.
Жүктілік жəне лактация кезеңі
Жүктілік жəне бала емізу кезінде препараттың
құрамына кіретін гомеопатиялық сұйылтылған заттардың уыттылығы зерттелмеген. Жүктілік жəне бала емізу кезінде қолданудың алдында дəрігерден кеңес алу керек.
Дəрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер ету ерекшеліктері
Əсер етпейді
Артық дозалануының бірде бір жағдайы тіркелмеген жəне гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.
2 г түссіз шыны ампулада.
5 ампуладан ПВХ жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік жəне орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Рецепт арқылы
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дəрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын жəне дəрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы жəне байланыс деректері
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы, əл-Фараби даңғ., 75А үй,
102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83
Бұл сайт сайттың жұмысын және Сіздің онымен әрекеттесу тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыру Сіздің cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растау болып табылады. "БИОЛОГИШЕ ХЕЙЛЬМИТТЕЛЬ ХЕЕЛЬ ГМБХ" ЖШҚ-ның cookies файлдарын қалай пайдаланатыны және оларды қалай басқару керектігі туралы толығырақ ақпарат «Cookies файлдарын пайдалану» және «Құпиялық саясаты» бөлімдерінде берілген. Сайтта қалу арқылы Сіз cookies файлдарын пайдаланудың аталмыш шарттарын қабылдайсыз.