Вибуркол® Н

Толығырақ білу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу

Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ЛП-№002791-РГ-KZ

Саудалық атауы

Вибуркол® Н

Дəрілік түрі

Суппозиторийлер

Қолданылуы

Симптомдарды жеңілдету үшін кешенді ем құрамында:
– тұмау, жедел вирустық инфекция және жоғары температурамен және онсыз жоғары қозғыштықпен және уыттану синдромымен қатар жүретін басқа жай-күйлерде
– түйілу және қабыну сипатындағы жергілікті ауыруда: ішек шаншулары, метеоризм, кіші жастағы балаларда тістің жарып шығуы

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Ересектер мен балалар үшін бір реттік дозасы – ректальді 1 суппозиторийден.
Жедел өрбіген жағдайларда (жоғары температура, балаларда ішектің қатты түйіліп ауруы; қозғыштықпен және ауыру синдромымен қатар жүретін тістің жарып шығуы) Вибуркол Н әрбір 30 минут сайын, бірақ 24 сағат ішінде 4 суппозиторийден асырмай 1 суппозиторийден, жағдайы жеңілдеген соң - күніне 2-3 рет 1 суппозиторийден ректальді тағайындайды.
Вибуркол Н препаратының балаларға арналған ең жоғары дозасы бірінші күнінен 6 айлық жасына дейін - 1 суппозиторийден күніне 2 рет.
Кешенді емде:
Сәбилерге дәрігер кеңесінен кейін ғана тағайындалады.
6 жасқа дейін тәулігіне 1-2 суппозиторийден.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне ректальді 1-3 суппозиторийден.
12 жастан бастап тәулігіне 1-ден 4 суппозиторийге дейін тағайындалады.
Қолдану ұзақтығы 2 күннен 5-6 күнге дейін.

Сақтау шарттары

Арнайы сақтау шарттары қажет емес.
Түпнұсқалық картон қорапта 25 °C-ден
аспайтын температурада сақтау керек.
Барлық дәрілік препаратты балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Осы гомеопатиялық дәрілік препаратты
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі
өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Егжей-тегжейлі ақпарат

Құрамы

белсенді заттар:

Atropa bella-donna  D2                             1.100 мг

Calcium carbonicum Hahnemanni  D8     4.400 мг

Chamomilla recutita  D1                           1.100 мг

Plantago major   D3                                   1.100 мг

Pulsatilla pratensis  D2                              2.200 мг

қосымша зат - қатты май.

Сипаттамасы

Пішіні торпедо тәрізді, беті тегіс, ақтан ақ-сары түске дейінгі (піл сүйегі түстес), өзіне тән әлсіз қышқылданған иісі бар суппозиторийлер. Сақтау барысында  бетінде жұқа майлы қатпар пайда болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар.

АТХ коды V03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Вибуркол® Н– өсімдік текті кешенді гомеопатиялық дәрілік зат. Гомеопатиялық препараттардың фармакодинамикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктемесіне және олардың пайда болу жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелуі  (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша баға беру мүмкін емес)

сирек  (≥1/10000-нан <1/1000 дейін)

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Айрықша нұсқаулар

Егер ауру симптомдары сақталса немесе керісінше денсаулық жағдайы нашарлап кетсе, препаратты қолдануды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Ентігу, қызба, іріңді немесе қанды қақырық кезінде, сондай-ақ іштің тұрақты, айқын емес немесе жаңа ауырсынуы кезінде дәрігерге жүгіну керек, өйткені бұл медициналық кеңес беруді талап ететін аурулар болуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Тек дәрігердің кеңесінен кейін 1 айға дейін.

Жүктілік немесе лактация кезеңі

Дәрігермен алдын ала кеңескеннен кейін ғана қолдану керек.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

 

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пішіні торпедо тәрізді, беті тегіс, ақтан ақ-сары түске дейінгі (піл сүйегі түстес), өзіне тән әлсіз қышқылданған иісі бар суппозиторийлер. Сақтау барысында  бетінде жұқа майлы қатпар пайда болуы мүмкін.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тел.: +49 7221 501-00

Факс: +49 7221 501-210

info@heel.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тел.: +49 7221 501-00

Факс: +49 7221 501-210

info@heel.com

Қазақстан Республикасы аумағында шағымдарды қабылдау және фармакологиялық қадағалау ұйымы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«GO PHARM» ЖШС

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, әл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе

Эл. пошта: aemservices@mail.ru

Тел.: +7 707 798 83 99

 

Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу