ҚР-ДЗ-5№019134
Убихинон Композитум
Раствор для инъекций, 2.2 мл
Инъекцияға арналған ерітінді, 2.2 мл
Кешенді ем құрамында:
- токсиндердің əсер етуінен қорғайтын механизмдерді көтермелеу үшін бөгелген фермент жүйелерін олардың қызмет етуі бұзылған кезде қалпына келтіру
- дегенеративтік ауруларда (жасушалық саты)
Препарат бұлшықет ішіне, вена ішіне, тері астына немесе тері ішіне 2.2 мл-ден (1 ампуладан) аптасына 1-3 рет. Емдеу курсы 2-5 апта. Емдеу курсының ұзақтығын аурудың ауырлығына қарай дəрігер əркімге жекелей белгілейді.
Түпнұсқалық қаптамасында, 15 °C-ден 30 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
1 ампуланың (2.2 мл) ішінде:
белсенді заттар:
Acidum acetylsalicylicum D10 22.0 мг
Acidum ascorbicum D6 22.0 мг
Acidum L(+)-lacticum D6 22.0 мг
Adenosinum triphosphoricum D10 22.0 мг
Anthrachinonum D10 22.0 мг
Coenzym A D10 22.0 мг
Colchicum autumnale D4 22.0 мг
Conium maculatum D4 22.0 мг
Galium aparine D6 22.0 мг
Histaminum D10 22.0 мг
Hydrastis canadensis D4 22.0 мг
Hydrochinonum D8 22.0 мг
Magnesium gluconicum D10 22.0 мг
Nadidum D10 22.0 мг
Naphthochinonum D10 22.0 мг
Natrium riboflavinum phosphoricum D6 22.0 мг
Nicotinamidum D6 22.0 мг
p-Benzochinonum D10 22.0 мг
Podophyllum peltatum D4 22.0 мг
Pyridoxinum hydrochloricum D6 22.0 мг
Sulfur D8 22.0 мг
Thiaminum hydrochloricum D6 22.0 мг
Trichinoylum D10 22.0 мг
Ubidecarenonum D10 22.0 мг
Vaccinium myrtillus D4 22.0 мг
Acidum thiocticum D8 «aquos» 22.0 мг
Manganum phosphoricum D8 «aquos» 22.0 мг
Natrium diethyloxalaceticum D8 «aquos» 22.0 мг
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Иіссіз, түссіз мөлдір ерітінді.
Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дəрілік препараттар.
АТХ коды V03АХ
Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеудің мүмкіндігі жоқ.
Фармакодинамикасы
Организмнің ферменттік жүйесін белсендіріп, реттейтін, жасушалық тыныс алу үдерісін жақсартатын, қабынуға қарсы, метаболизмдік, иммунитет түзетуші, антиоксидантты жəне уытсыздандырушы əсерлерге ие кешенді
гомеопатиялық препарат. Препараттың əсерлері организмнің қорғаныш күштерін белсендіруге жəне бұзылған функцияларын препарат құрамына кіретін табиғи жəне минералды заттардың есебінен қалыпқа келтіруге негіз-
делген.
Сақтықпен қолдану керек. Ампуланы ашуға арналған нұсқаулықты қатаң ұстаныңыз. Шыны ампуланы кесудің қажеті жоқ. Ампуланың басын қиғаштай жоғары ұстаңыз жəне бүкіл дəрі ампуланың астына ағып түсуі
үшін ампуланы жақсылап сілкіңіз. Содан соң өзіңнен түрлі түсті нүктесіне қысым түсіре отырып, ампуланың басын сындырыңыз. Ампуладағы пайдаланылмай қалған препаратты тастаңыз.
Сирек:
- жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік жəне лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Басқа дəрілік заттармен үйлесімді.
Препарат тек маман дəрігердің тағайындауымен жəне бақылауымен қабылданады.
Педиатрияда қолданылуы
Аталмыш препаратты балаларда пайдалану тəжірибесінің жеткілікті құжаттық расталуы болмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балаларға қабылдау ұсынылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Қолданылмайды
Дəрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі
зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді
басқару қабілетіне əсер етпейді.
Артық дозаланудың бір де бір жағдайы тіркелмеген жəне гомеопатиялық сұйылтумен байланысты күтілмейді.
2.2 мл түссіз шыны ампулада, ампуланың жоғарғы бөлігінде түрлі-түсті таңбалау нүктесі бар.
5 ампуладан ПВХ жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
Пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік жəне орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Рецепт арқылы
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ,
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия
Бұл сайт сайттың жұмысын және Сіздің онымен әрекеттесу тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын пайдаланады. Сайтты қарауды жалғастыру Сіздің cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растау болып табылады. "БИОЛОГИШЕ ХЕЙЛЬМИТТЕЛЬ ХЕЕЛЬ ГМБХ" ЖШҚ-ның cookies файлдарын қалай пайдаланатыны және оларды қалай басқару керектігі туралы толығырақ ақпарат «Cookies файлдарын пайдалану» және «Құпиялық саясаты» бөлімдерінде берілген. Сайтта қалу арқылы Сіз cookies файлдарын пайдаланудың аталмыш шарттарын қабылдайсыз.