Траумель С

Сатып алу Толығырақ білу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу

Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№022563

Саудалық атауы

Траумель С

Дəрілік түрі

Таблеткалар

Қолданылуы

Тірек-қимыл аппаратының жеңіл жəне қалыпты жарақаттарының, сондай-ақ тірек- қимыл аппаратының жеңіл ауыратын жəне қабыну ауруларының демеуші емінде.

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Стандартты доза:
Ересектер (жəне 12 жастан асқан балалар):
1 таблеткадан күніне 3 рет.
Педиатрияда:
6-11 жастағы балалар: 1 таблеткадан күніне 2 рет.
Бастапқы доза немесе жедел жағдайда:
Ересектер (жəне 12 жастан асқан балалар):
Əр 1⁄2 -1 сағат сайын 1 таблеткадан – күнделікті 12 таблеткаға дейін, содан соң стандартты дозада жалғастыру керек.
Педиатрияда:
6-11 жастағы балалар: əр 1-2 сағат сайын 1 таблетка, күнделікті 8 таблеткаға дейін, содан соң стандартты дозада
жалғастыру.
Емдеу ұзақтығы:
Емдеу курсы 2 апта.
Қолдану тəсілі:
Ішке.
Траумель С таблеткаларын тамақтануға дейін 30 минут бұрын қабылдаған жөн. Таблетканы ауыз қуысында ерітіп, сондан кейін жұтқан дұрыс.
Балалар үшін таблетканы ұсатып жəне судың аздаған мөлшеріне сеуіп беруге болады.
Бұл дəрі тамақтану арасындағы аралықтарда қабылдануы тиіс.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Құрамы

Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Arnica montana D2 15.0 мг
Calendula officinalis D2 15.0 мг
Hamamelis virginiana D2 15.0 мг
Achillea millefolium D3 15.0 мг
Atropa bella-donna D4 75.0 мг
Aconitum napellus D3 30.0 мг
Mercurius solubilis Hahnemanni D8 30.0 мг
Hepar sulfuris D8 30.0 мг
Matricaria recutita D3 24.0 мг
Symphytum officinale D8 24.0 мг
Bellis perennis D2 6.0 мг
Echinacea D2 6.0 мг
Echinacea purpurea D2 6.0 мг
Hypericum perforatum D2 3.0 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, иіссіз немесе аздап тəтті иісі, ойығы бар, тегіс беткейлі, ақтан сарғыш-ақ түске дейінгі таблеткалар.
Жекелеген жағдайларда қызғылт сары теңбілденуіне жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да тірек-қимыл аппараттары ауруларын емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды М09АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Таумель С кешенді гомеопатикалық препарат болып табылады. Траумель С түрлі ағзалар мен тіндерде, негізінен, тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен тірек-қимыл аппаратының басқа да жедел жəне созылмалы/дегенеративті ауруларын қоса, қабыну үдерістерін реттейді. Препараттың əсері препарат құрамына кіретін заттардың есебінен
организмнің қорғаныс күшін белсендіруге жəне бұзылған функциясын қалпына келтіруге негізделген.

Жағымсыз əсерлері

Терінің аллергиялық реакциялары (аса жоғары сезімталдық) өте сирек жағдайларда пайда болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Бір немесе одан да көп ингредиенттерге, соның ішінде тау арникасы (Arnica montana), дəрілік тырнақгүл (Calendula officinalis), дəріханалық түймедақ (Chamomilla recutita), эхинацея (Echinacea), кəдімгі мыңжапырақ (Achillea Millefolium), көпжылдық дəстүргүл (Bellis perennis) сияқты Asteraceaе тұқымдас өсімдіктерге аллергия (аса жоғары сезімталдық).

Дəрілермен өзара əрекеттесуі

Басқа дəрілік препараттармен өзара əрекеттесудің бір де бір жағдайы тіркелмеген жəне гомеопатикалық сұйылтуға байланысты күтілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Егер симптомдары сақталса немесе нашарласа, сіз дəрігерден немесе кəсіби медицина қызметкерінен кеңес алуыңыз
керек.
Бұл өнімнің құрамында лактоза бар. Сирек тұқым қуалайтын лактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактозасының тапшылығы немесе глюкоза-галактоза энтерапиясы бар пациенттер бұл дəріні қабылдамағандары жөн.
Жүктілік жəне лактация кезеңі
Препарат құрамына кіретін гомеопатикалық сұйылтылған заттардың жүктілік жəне емшек емізу кезіндегі уыттылығы белгісіз. Басқа дəрілердегі сияқты жүктілік жəне емшек емізу кезінде қолданар алдында дəрігерден кеңес алу қажет.
Дəрілік заттың көлік құралдарын жəне қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер етпейді.

Артық дозалануы

Бір де бір артық дозалану жағдайы тіркелмеген жəне гомеопатикалық сұйылтуға байланысты күтілмейді.

Шығарылу түрі жəне қаптамасы

50 таблеткадан полипропиленнен жасалған қақпақ-тығыны бар полипропилен контейнерге салынады.
1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік жəне орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

5 жыл
Контейнерді алғаш ашқаннан кейін 12 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куəлігінің иесі

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында: тұтынушылардан дəрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныс-
тарды) қабылдайтын; дəрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы, əл-Фараби даңғ., 75А үй, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу