Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№016217

Саудалық атауы

Траумель С

Дəрілік түрі

Инъекцияға арналған 2.2 мл ерітінді

Қолданылуы

Препарат кешенді емнің құрамында:
- созылу, буынның шығуы, соғылу, гематома, гемартроз, сынулар сияқты жарақаттарда
- операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі ісіну, жұмсақ тіндер ісінуі
- әртүрлі ағзалар мен тіндердің, оның ішінде тірекқимыл аппаратының қабынуымен байланысты қабыну және дегенеративтік үдерістерінде
(тендовагинит, стилоидит, эпикондилит, бурсит, иықжауырындық периартрит)
- жамбас-сан, тізе буыны мен кіші буындар артрозында қолданылады

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Дозалану режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға
Бұлшықет ішіне, тері астына, тері ішіне (тыртықтар жағдайында), вена ішіне, буын ішіне немесе буын айналасына 1 - 2 ампуладан аптасына 1-3 рет.
Жедел жағдайларда – күн сайын. Жақсару орын алса, қолдану жиілігін қысқарту керек.
Емдеу ұзақтығы
Буынның шығуы мен созылуында – 2 апта және одан көп, қабыну ауруларында – кем дегенде 3-4 апта. Емдеу ұзақтығы бір аптадан артық болса емдеуші дәрігермен талқылануы тиіс.
Педиатрияда қолданылуы
Балаларға осы препаратты пайдалану тәжірибесінің жеткілікті құжаттамалық расталуы жоқ болғандықтан, 12 жасқа дейінгі балаларға тек
дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдану керек.

Сақтау шарттары

15 °С-ден 30 °С-ге дейінгі температурада сыртқы картон қаптамасында сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Фармакотерапиялық тобы

Басқа препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар.
АТХ коды V03AX
Гомеопатиялық дәрілік препарат

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық: кәдімгі мыңжапырақ, дәрілік түймедақ, дәрілік тырнақгүл, көпжылдық дәстүргүл, эхинацея, тау арникасы немесе күрделі гүлдер тұқымдас басқа өсімдіктер
Құрамында эхинацея бар гомеопатиялық дәрілік заттарды мынадай жағдайда пайдаланбаған жөн:
- лейкоз және лейкоз сияқты ауруларда
- аутоиммундық ауруларда (дәнекер тіннің
аурулары, шашыранды склероз)
- созылмалы инфекциялық аурулар (туберкулез, АИТВ-инфекция)

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Арнайы сақтандырулар

Болған ауру симптомдары уақытша асқынуы мүмкін.
Мұндай жағдайда препарат дозасын төмендету және оны қабылдау арасындағы аралықтарды ұзарту немесе препарат қабылдауды уақытша
тоқтату керек. Егер симптомдар тоқтамаса, дәрігерден кеңес алу қажет.
Бұл дәрінің құрамында дозаға 1 ммольден кем натрий (23 мг) бар, яғни негізінен «натрийсіз».
Педиатрияда қолдану
Балаларға осы препаратты пайдалану тәжірибесінің жеткілікті құжаттамалық расталуы жоқ болғандықтан, 12 жасқа дейінгі балаларға тек
дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік және лактация кезеңінде пайдалануға қатысты клиникалық мәліметтер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді
басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.

Ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулық

Сақтықпен қолдану керек. Ампуланы ашуға арналған нұсқаулықты қатаң ұстаныңыз. Шыны ампуланы кесудің қажеті жоқ. Ампуланың басын қиғаштай жоғары ұстаңыз және бүкіл дәрі ампуланың түбіне ағып түсуі үшін
ампуланы жақсылап сілкіңіз. Содан соң өзіңізден кері итере түрлі түсті нүктесіне қысым түсіре отырып, ампуланың басын сындырыңыз. Ампуладағы пайдаланылмай қалған препаратты тастаңыз.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, сізге дәрігермен немесе медицина қызметкерімен кеңесу керек.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Редко
- реакции гиперчувствительности, включая анафилактические реакции к компонентам (например, арника горная, ромашка аптечная,
тысячелистник обыкновенный, меркуриус солюбилис), при этих симптомах препарат следует отменить
- кожная сыпь и зуд, а также в редких случаях отек лица, одышка, головокружение и падение кровяного давления, наблюдаются при лечении препаратами, содержащими экстракт эхинацеи
- повышенное слюноотделение (приём препарата отменить и проконсультироваться с врачом)
- покраснение и отек в месте инъекции

Сирек
- компоненттерге (мысалы, тау арникасы, дәрілік түймедақ, кәдімгі мыңжапырақ, меркуриус солюбилис) анафилаксиялық реакцияларды
қоса аса жоғары сезімталдық реакциялары, бұл симптомдарда препаратты тоқтату керек
- эхинацея экстрактісі бар препараттармен емдегенде тері бөртпесі және қышыну, сондай-ақ сирек жағдайларда беттің ісінуі, ентігу, бас айналу
және қан қысымының төмендеуі байқалады
- сілекей бөлінудің жоғарылауы (препарат қабылдауды тоқтату және дәрігермен кеңесу)
- инъекция орнының қызаруы және ісінуі

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік
заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау
ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz

Дәрілік препараттың құрамы

Бір ампула (2.2 мл) ішінде
белсенді заттар:
Arnica montana D2 2.20 мг
Calendula officinalis D2 2.20 мг
Сhamomilla recutita D3 2.20 мг
Symphytum officinale D6 2.20 мг
Achillea millefolium D3 2.20 мг
Atropa bella-donna D2 2.20 мг
Aconitum napellus D2 1.32 мг
Bellis perennis D2 1.10 мг
Hypericum perforatum D2 0.66 мг
Echinacea D2 0.55 мг
Echinacea purpurea D2 0.55 мг
Hamamelis virginiana D1 0.22 мг
Mercurius solubilis Hahnemanni D6 1.10 мг
Hepar sulfuris D6 2.20 мг
қосымша заттар: инъекцияға арналған су, натрий
хлориді.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Иіссіз, мөлдір түссіз ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

2.2 мл препараттан түссіз шыны ампулада, ампуланың жоғарғы жағында түрлі түсті таңбалаған нүкте. 5 ампуладан ПВХ жасалған пішінді ұяшықты
қаптамада.
1 немесе 20 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға
болмайды!

Өндіруші туралы мәліметтер

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия
Тел.: +49 7221 501-00
Факс: +49 7221 501-210
info@heel.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия
Тел.: +49 7221 501-00
Факс: +49 7221 501-210
info@heel.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 75А үй,
102-103 кеңсе
Электронды пошта: aemservices@mail.ru
Тел.: +7 707 798 83 99