Басты бет / Барлық өнімдер / Нукс Вомика-Гомаккорд

Нукс Вомика-Гомаккорд

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу

Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№018242

Саудалық атауы

Нукс Вомика-Гомаккорд

Дəрілік түрі

Ішуге арналған 30 мл тамшылар

Қолданылуы

- асқазан-ішек жолдары жəне бауыр тарапынан функционалдық бұзылуларда
- метеоризмде

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Бір реттік доза: ересектерге – тəулігіне 3 рет 10 тамшыдан тамаққа дейін 15-20 минут бұрын немесе тамақтан соң бір сағаттан кейін. Тамшыны 10 мл суда ерітеді жəне ауызда бірнеше секунд ұстап тұрып ішеді (ерітпеуге де болады, бірден тіл астына тамызады). Жедел жағдайларда алғашқы екі сағат бойына бір реттік дозаны əрбір 15 минут сайын қабылдайды, бірақ 8-10 реттен артық емес. Емдеу курсы -2-5 апта.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Құрамы

100 г препарат құрамында
белсенді заттар:
Bryonia D2 0.2 г
Bryonia D6 0.2 г
Bryonia D10 0.2 г
Bryonia D15 0.2 г
Bryonia D30 0.2 г
Bryonia D200 0.2 г
Bryonia D1000 0.2 г
Citrullus colocynthis D10 0.3 г
Citrullus colocynthis D30 0.3 г
Citrullus colocynthis D200 0.3 г
Lycopodium clavatum D10 0.3 г
Lycopodium clavatum D30 0.3 г
Lycopodium clavatum D200 0.3 г
Lycopodium clavatum D1000 0.3 г
Strychnos nux-vomica D10 0.2 г
Strychnos nux-vomica D15 0.2 г
Strychnos nux-vomica D30 0.2 г
Strychnos nux-vomica D200 0.2 г
Strychnos nux-vomica D1000 0.2 г
Citrullus colocynthis D3 0.3 г
Lycopodium clavatum D3 0.3 г
Strychnos nux-vomica D2 0.2 г
қосымша заттар: 96% этанол (к\к) [94% (м\м)],
тазартылған су.
Препарат құрамында 35% (к/к) немесе 29% (м/м) этанол бар.

Сипаттамасы

Этанол иісі бар мөлдір түссіз ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолдары ауруларын жəне зат алмасуын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды А16АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеудің мүмкіндігі жоқ.
Фармакодинамикасы
Препараттың организмнің қорғаныс күшін белсендендіруге жəне препарат құрамына кіретін өсімдік жəне минерал текті заттар есебінен бұзылған функцияларды қалыпқа келтіруге негізделген қабынуға қарсы, уытсыздандыратын, спазмолитикалық жəне өт айдайтын əсері бар.

Побочные действия / Жағымсыз əсерлері

- асқын сезімталдық реакциялары болуы мүмкін
Кез келген əдеттен тыс реакциялар пайда болған жағдайда дəрігермен кеңесу қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке сезімталдықта
- маскүнемдіктен, эпилепсиядан зардап шегетін адамдарға
- бауыры ауыратын науқастарға
- 18 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік жəне лактация кезеңі

Дəрілермен өзара əрекеттесуі

Басқа дəрілік заттармен өзара əрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Нукс Вомика-Гомаккорд тамшыларының құрамында 35 к.% этил спирті бар. Маскүнемдікпен, бауыр ауруларымен ауыратын, ми жарақаттары, эпилепсиясы бар науқастарға препаратты қабылдауға болмайды. Егер симптомдар ұзақ сақталса немесе жағдайы нашарласа, дəрігермен кеңесу қажет.
Дəрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсері жоқ, бірақ Нукс Вомика-Гомаккорд тамшылары құрамында этанол барын ескеру керек.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі жəне қаптамасы

Бірінші ашылуына бақылауы бар жəне полимер қақпақ-тамшылатқышымен қоңыр шыны құтыда 30 мл-ден. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куəлігінің иесі

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4,
76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дəрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын жəне
дəрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы, Əл-Фараби даңғ, 75А үй,
102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу