Ньюрексан®

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу

Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№022505

Саудалық атауы
Ньюрексан®
Дəрілік түрі

Таблеткалар

Қолданылуы

Кешенді емде - жүйке мазасыздығында және ұйқының бұзылуында

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Ішке. Дұрысы таблетканы ауызда ерітіп, содан соң жұтқан жөн.
Балаларға таблетканы ұнтақтап салып судың аздаған мөлшерімен беруге
болады. Бұл дәрі аш қарынға немесе тағам қабылдау арасындағы аралығында
қабылдануы тиіс.
Стандартты доза:
Ересектер (және 12 жастан асқан балалар және одан үлкендер): күніне 3 рет
1 таблеткадан.
Педиатрияда:
6-дан 11 жасқа дейінгі балаларға: күніне 2 рет 1 таблеткадан.
Жедел жағдайда алғашқы дозалануы:
Ересектер (және 12 жастан асқан балалар және одан үлкендер): әрбір
30 минут сайын 1 таблеткадан – 1 сағат, күніне 12 таблеткаға дейін, одан
кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
Педиатрияда:
6-дан 11 жасқа дейінгі балаларға: әрбір 1-2 сағат сайын 1 таблеткадан, күніне
8 таблеткаға дейін, одан кейін стандартты дозада жалғастыру керек. Емдеу
курсы жекелей және дәрігер тағайындайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау
керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Құрамы

Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Avena sativa D2 0.6 мг
Coffea arabica D12 0.6 мг
Passiflora incarnata D2 0.6 мг
Zincum isovalerianicum D4 0.6 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақтан сарғыш-ақ түске дейін, дөңгелек пішінді, беткейі жайпақ, ойығы бар
таблеткалар. Иісі жоқ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүйке жүйесі
ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар.
АТХ коды N07X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу
мүмкіндігі жоқ.
Фармакодинамикасы
Ньюрексан® өзіндік гомеопатиялық препарат болып табылады. Ньюрексан®
препаратының жүйке жүйесін деймейді, жүйке мазасыздығын және
ұйқының бұзылуын реттейді. Препараттың әсері ішкі теңгерімді және
ұйқыны қалпына келтіруде, күйгелектікті басуда организмнің өзіндік
реттегіш үдерісіне негізделген.

Жағымсыз әсерлері

- терінің аллергиялық реакциясы сияқты аса жоғары сезімталдық
- симптомдардың уақытша нашарлауы (бастапқы асқынулар)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті
тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат басқа дәрілік заттармен сыйымды.

Айрықша нұсқаулар

Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, тез арада дәрігерден кеңес
алу керек.
Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан лактозаны көтере алмайтын
пациенттер ол жөнінде хабарлануы керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Алдын ала дәрігер кеңесінен кейін ғана қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару
қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдары немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға әсер
етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайы туралы сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полипропиленнен жасалған тығын-қақпағы бар полипропилен контейнерге
50 таблеткадан салынған.
1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс
тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

5 жыл
Контейнерді алғаш ашқаннан кейін 12 ай.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға
болмайды!

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын және; дәрілік заттың тіркеуден кейін қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы, әл-Фараби даңғ, 75А үй, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу