Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№019171

Саудалық атауы

Мукоза Композитум

Дəрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 2.2 мл

Қолданылуы

- асқазан-ішек жолының, несеп шығару жолдарының, жоғарғы жəне төменгі тыныс жолдарының, конъюнктиваның шырышты қабықтарының қабыну жəне эрозиялы-ойық жаралы үдерістерін емдеу үшін

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Препарат бұлшықет ішіне, тері астына, тері ішіне немесе, егер қажет болса, вена ішіне аптасына 1-3 рет, жедел жағдайларда – 2-3 күн бойы күн сайын 2.2 мл-ден (бір ампуладан) тағайындалады. Емдеу курсы 2-5 апта. Емдеу курсының ұзақтығын дəрігер аурудың ауырлығына байланысты жекелей белгілейді.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 9 °C-ден 29 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Құрамы

1 ампуланың (2.2 мл) ішінде
белсенді заттар:
Argentum nitricum D6 22.0 мг
Atropa belladonna D10 22.0 мг
Ceanothus americanus D4 22.0 мг
Bacterium coli-Nosode D28 22.0 мг
Hydrastis canadensis D4 22.0 мг
Kalium bichromicum D8 22.0 мг
Kreosotum D10 22.0 мг
Lachesis D10 22.0 мг
Mandragora e radice siccata D10 22.0 мг
Marsdenia cundurango D6 22.0 мг
Momordica balsamina D6 22.0 мг
Mucosa coli suis D8 22.0 мг
Mucosa ductus choledochi suis D8 22.0 мг
Mucosa duodeni suis D8 22.0 мг
Mucosa ilei suis D8 22.0 мг
Mucosa jejuni suis D8 22.0 мг
Mucosa nasalis suis D8 22.0 мг
Mucosa oculi suis D8 22.0 мг
Mucosa oesophagi suis D8 22.0 мг
Mucosa oris suis D8 22.0 мг
Mucosa pulmonis suis D8 22.0 мг
Mucosa pylori suis D8 22.0 мг
Mucosa recti suis D8 22.0 мг
Mucosa vesicae felleae suis D8 22.0 мг
Tunica mucosa vesicae urinariae suis D8 22.0 мг
Oxalis acetosella D6 22.0 мг
Pancreas suis D10 22.0 мг
Phosphorus D8 22.0 мг
Psychotria ipecacuanha D8 22.0 мг
Pulsatilla pratensis D6 22.0 мг
Semecarpus anacardium D6 22.0 мг
Strychnos nux-vomica D13 22.0 мг
Sulfur D8 22.0 мг
Ventriculus suis D8 22.0 мг
Veratrum album D4 22.0 мг
Natrium diethyloxalaceticum D8 22.0 мг
қосымша заттар:
натрий хлориді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір, иісі жоқ ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы жəне зат алмасу. Асқазан-ішек жолы ауруларын жəне зат алмасу бұзылуларын емдеуге арналған басқа препараттар. Асқазан - ішек жолы ауруларын жəне зат алмасуды емдеуге арналған басқа препараттар.
АТХ коды А16АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетика
Исследовать фармакокинетические свойства гомеопатических препаратов не представляется возможным.
Фармакодинамика
Комплексный гомеопатический препарат, который обладает регенерирующим, иммуномодулирующим, противовоспалительным, дезинтоксикационным, муколитическим и секретомоторным действием. Действия препарата базируются на активации защитных сил организма и нормализации нарушенных функций за счет веществ, природного происхождения, которые входят в состав препарата.

Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Кешенді гомеопатиялық препарат, регенерациялаушы, иммуномодуляциялаушы, қабынуға қарсы, уытсыздандырғыш, муколитикалық жəне секретомоторлық əсерлерге ие. Препараттың əсерлері организмнің қорғаныс күштерін белсендіруге жəне препараттың құрамына
кіретін табиғи заттардың есебінен, бұзылған функцияларын қалпына түсіруге негізделеді.

Ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулық

Сақ болып жұмыс жасау керек. Ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулықты қатаң түрде басшылыққа алыңыз. Шыны ампуланы кесу қажет емес. Ампуланы бастиегін жоғары қаратып бұрыштап ұстаңыз, жəне дəрі түгелімен ампуланың төменгі жағына ағуы үшін, ампуланы жақсылап сілкіңіз. Содан соң түрлі-түсті нүктесіне өзіңізден күш салып, ампуланың бастиегін сындырыңыз. Ампуладағы пайдаланылмай қалған препаратты тастаңыз.

Жағымсыз əсерлері

Сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дəрілермен өзара əрекеттесуі

Басқа дəрілік заттармен үйлесімді

Айрықша нұсқаулар

Препарат тек дəрігер маманның тағайындауы бойынша жəне қадағалауымен қабылданады.
Педиатрияда қолданылуы
Бұл препараттың балаларда пайдаланылу тəжірибесі құжат түрінде жеткілікті дəлелденбегендіктен, 18 жасқа дейінгі балаларға қабылдау ұсынылмайды.
Жүктілік жəне лактация кезеңі
Осы препараттың құрамына кіретін заттардың гомеопатиялық сұйылтылымы, белгілі болып отырғандай, жүктілік жəне бала емізу кезінде уытты əсер бермейді.
Дəрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор
механизмдерді басқару қабілетіне əсер ету ерекше ліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозаланған жағдайлары сипатталған жоқ.

Шығарылу түрі жəне қаптамасы

Ампуланың жоғарғы бөлігінде түрлі түсті таңбаланған нүктесі бар түссіз шыныдан жасалған ампулаларда 2.2 мл-ден. 5 ампуладан ПВХ-дан жасалған тұғырға орнатылып, медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куəлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дəрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын жəне дəрілік заттың тіреуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы жəне байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы, əл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103
кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 99