Хепель Н

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу

Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№018171

Саудалық атауы

ХЕПЕЛЬ Н

Дəрілік түрі

Таблеткалар

Қолданылуы

- бауыр фунциясының алғашқы жəне екінші қайтара болған бұзылуларында

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Бір реттік доза: ересектерге тіл астына 1 таблеткадан (толық сорылғанша). Бір реттік дозаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын немесе тамақтанудан кейін 1 сағаттан соң күніне 3 рет қабылдау керек.
Ауру жедел басталған жағдайда бір реттік дозаны əрбір 15 минут сайын 2 сағат бойы қабылдау керек. Əрі қарай күніне 3 рет қабылдауға көшу керек.
Емдеу курсы жедел ағымды ауруларда – 7-14 күн, созылмалы ауруларда – 2-6 апта.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Құрамы

Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Chelidonium majus D6 30.0 мг
Citrullus colocynthis D6 90.0 мг
Myristica fragrans D4 30.0 мг
Phosphorus D6 15.0 мг
Veratrum album D6 60.0 мг
Cinchona pubescens D3 30.0 мг
Lycopodium clavatum D3 30.0 мг
Silybum marianum D2 15.0 мг
қосымша заттар - магний стеараты.

Сипаттамасы

Ақ түстен қызыл сары-ақ түске дейін болатын, дөңгелек пішінді, беті тегіс, ойығы бар, иіссіз таблеткалар. Мезгіл-мезгіл бетінде қызыл сары теңбілдер пайда болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды А05ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
ХЕПЕЛЬ Н – кешенді гомеопатиялық препарат. Гепатопротекторлы, спазмолитикалық, өт айдағыш, қабынуға қарсы, диареяға қарсы əсерлері бар, олар препараттың құрамына кіретін заттардың есебінен, организмнің қорғаныш күштерін белсенділендіруге жəне бұзылған функциясын қалыпқа келтіруге негізделеді.

Жағымсыз əсерлері

Барлық дəрілер сияқты бұл гомеопатикалық дəрі жағымсыз əсерлерді тудыруы
мүмкін. Жекелеген жағдайларда қысқа мерзімді терінің аллергиялық реакциялары туралы хабарланған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

препарат компоненттеріне, соның ішінде Carduus marianus немесе күрделі гүлділер (Asteraceae) тұқымдасына жататын өсімдіктерге, хининге жоғары сезімталдықта
- жүктілікте жəне лактация кезеңінде

Лекарственные взаимодействия / Дəрілермен өзара əрекеттесуі

Кешенді гомеопатиялық препараттарды тағайындау осы ауруларда қолданылатын басқа да дəрілік заттарды пайдалануды жоққа шығармайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты жасап шығарғанда лактоза пайдаланылады. Лактозаны көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды.
Анамнезде күрделі бауыр ауруы бар пациенттерге, препаратты қабылдар алдында дəрігермен кеңескен жөн.
Егер симптомдары тұрақты сақталса немесе нашарласа, дəрігерден кеңес алған жөн.
Педиатрияда қолданылуы
Осы препаратты балаларға қолдану тəжірибесі құжаттық тұрғыдан жеткілікті айғақталмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдануға болмайды.
Дəрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Белгісіз.

Артық дозалануы

Бірде-бір препараттың артық дозалану жағдайы тіркелмеген жəне гомеопатикалық сұйылтуға байланысты күтілмейді.

Шығарылу түрі жəне қаптамасы

Ақ полипропиленнен жасалған қақпағы бар ақ полипропилен контейнерге 50 таблетка дан салынған.
1 контейнерден медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куəлігінің иесі

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында: тұтынушылардан дəрілік заттың сапасына
қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дəрілік заттың тіркеуден
кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы жəне мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы қ-сы, əл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу