Грипп-Хеель

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу

Негізгі мәліметтер

Тіркеу нөмірі

ҚР-ДЗ-5№018173

Саудалық атауы

ГРИПП-ХЕЕЛЬ

Дəрілік түрі

Таблеткалар

Қолданылуы

- жоғары қызбамен жəне айқын интоксикациямен жүретін тұмау, ЖРВИ емдеуде
- тұмау жəне ЖРВИ профилактикасында
- айқын қызба жəне интоксикациямен басқа инфекциялық ауруларда

Қолдану тəсілі жəне дозалары

Ересектер үшін бірреттік доза – тамаққа дейін немесе тамақтанғаннан кейін 1 сағаттан соң тіл астына 1 таблетка (толық сорғанға дейін). Əдетте күніне 3-5 рет 1 таблеткадан тағайындалады. Жедел жағдайларда алғашқы екі сағат ішінде əр 15 минут сайын бір реттік дозаны тіл астына (толық сорғанға дейін) қабылдайды.
Жағдай жақсарған кезде тамақтанғанға дейін 15 минут бұрын немесе бір сағат кейін күніне 3 рет қабылдауға көшуге болады. Емдеу курсы 5-10 күн. Ауру симптомдары жоғалғаннан кейін асқынулардың профилактикасы мақсатында препаратты тағы 5-7 күн ішінде тəулігіне 2 рет қабылдауды жалғастыру ұсынылады.
Профилактикалық мақсатта таблеткаларды үнемі қабылдау ұсынылады: күз-қыс мезгілінде күніне 1 рет 1 таблеткадан (таңертең), ал тұмау эпидемиясы кезеңінде күніне 2 рет (таңертең жəне кешке).

Сақтау шарттары

Хранить в оригинальной упаковке при температуре от 9 °С до 29 °С.
Хранить в недоступном для детей месте!

Түпнұсқалық қаптамасында, 9oС-ден 29oС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Егжей-тегжейлі ақпарат

Құрамы

Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Aconitum napellus D4 120.0 мг
Bryonia D4 60.0 мг
Lachesis mutus D12 60.0 мг
Eupatorium perfoliatum D3 30.0 мг
Phosphorus D5 30.0 мг
қосымша заттар: магний стеараты, лактоза моногидраты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті тегіс, ақтан ақшыл сары түске дейінгі, сызығы бар, иіссіз таблеткалар. Жекелеген жағдайларда таблетканың бетінде көрінетін қара жəне сары дақтарға жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тиюдің симптомдарын жоюға арналған басқа препараттардың біріктірілімі.
АТХ коды R05X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Препарат, препарат құрамына кіретін заттардың есебінен организмнің қорғаныс күшін белсендіруге жəне бұзылған функцияларды қалпына келтіруге негізделген дезинтоксикациялық, қабынуға қарсы, иммунитетті қалпына келтіретін əсер етеді.

Жағымсыз əсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дəрілермен өзара əрекеттесуі

Басқа дəрілік заттармен өзара əрекеттесуі анықталмаған.

Клиникалық көрініс толығымен қалпына келгеннен кейін организмнің толық детоксикациясы мақсатында тағы 3-5 күн ішінде препаратты қабылдауды жалғастыру ұсы-
нылады. Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан лактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактоза ферментінің тапшылығы жəне глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды.
Жүктілік жəне лактация кезеңі
Тек қана дəрігерден алдын ала кеңес алғаннан кейін ғана қолдануға болады.
Дəрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер етпейді.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі жəне қаптамасы

50 таблеткадан полипропиленнен жасалған тығын-қақпағы бар полипропилен контейнерге салынған.
1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Өндіруші

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куəлігінің иесі

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан: дəрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дəрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы, əл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83

Сатып алу Препаратты біздің серіктесімізден Қазақстанда сатып алу