Траумель С
Жарақат, буын шыққанда және сіңір созылғанда, тірек-қимыл
аппаратының ауруы жағдайында көмектеседі.
Балаларға қолдануға жарамды (жас шектеуін ескеріп)1
Тірек-қимыл аппаратының аурулары айтарлықтай кең таралған.
Олардың арасында жарақат пен қабыну ауруларын атап өтуге болады
Жарақат
Жарақат кез келген жерде – үйде, жұмыста жүргенде, табиғат аясында демалғанда, спортпен шұғылданған кезде және т.б. келуі мүмкін.
Ол ауырсыну, ісіну, қызару түріндегі жағымсыз симптомдармен бірге жүруі, сондай-ақ зақымданған қол-аяқ функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Байламның созылуы
Сүйектің сынуы
Гематома
Буынның шығуы
Тірек-қимыл аппаратының қабынба аурулары
Тірек-қимыл аппаратының қабынба аурулары анағұрлым ауқымды топты құрайды. Оған артрит, бурсит, тендовагинит, эпикондилит және басқа да соған ұқсас аурулар кіреді.
Ол әртүрлі жаста дамып, тірек-қимыл аппаратының әртүрлі бөліктерін – буындарды, байламдарды, бұлшықеттерді зақымдауы мүмкін2
Жарақат пен қабынба аурулардың қандай ұқсастығы бар?
Бұл патологиялардың барлығы қабынудың дамуына әкеледі3
Бұл процесс қалыпты болып саналады және зақымдалған тіндердің тезірек қалпына келуіне көмектесу үшін керек.
Жарақат
Қабынудың
дамуы
Қабынба
аурулар
мен Қабынба
аурулар Қабынудың
дамуы
Қабыну процесіне қалай әсер етуге және қалпына келтіруді тездетуге болады?
Қабыну процесі күрделі және көп кезеңді. Онда маңызды рөлді арнайы молекулалар – цитокиндер атқарады. Олар тиісінше қабынуды туғызатын және қабынуға қарсы цитокиндердің есебінен қабыну процесін үдету немесе азайту жағына қарай реттей алады. Қалыпты жағдайда олардың арасында тепе-теңдік сақталуға тиіс, бірақ олай әрдайым бола бермейді. Егер әртүрлі себептермен қабыну туғызатын цитокиндердің белсенділігі жоғарыласа, онда қабыну процесі қарқынды және ұзағырақ жүреді. Сонымен қатар, ауырсыну және басқа да жағымсыз симптомдар күшейеді3.
Траумель С қабыну туғызатын және қабынуға қарсы цитокиндер арасындағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге септесуі мүмкін.
Траумель С жақпа май мен таблетка түрінде шығарылады1
Траумель С алуға 100 себеп
Траумель С әртүрлі жағдайларда көмектесуі мүмкін, сондықтан ол үйдегі дәрі-дәрмек қобдишасында өзінің лайықты орнын алады – бірақ алдымен маманның кеңесін алу қажет.Жарақаттанған жағдайда
Ауырсынумен және ісінумен бірге жүретін тірек-қимыл аппаратының әртүрлі жарақаты мен ауруларын емдеу үшін қолдануға болады.
Қабынуға қарсы
Траумель С қабынуды азайтуға және қабыну процесінің ұзақтығын қысқартуға бағытталған.
Регенерация процестерін ынталандыру
Траумель С қабынуға қарсы күресте көмектесіп қана қоймай, ауырсынуды азайтуға және регенерация (тіндерді қалпына келтіру) процестерін ынталандыруға септесуі мүмкін5.
Бүкіл
отбасы үшін қолайлы
Бірнеше дәрілік түрі бар — таблеткалар мен жақпа май. Жақпа майды ересектер мен 1 жастан асқан балаларға, ал таблеткаларды ересектер мен 6 жастан асқан балаларға қолдануға болады.
Табиғи құрам
12 өсімдік және 2 минералды компонент. Германияда өндіріледі1.
Қауіпсіздік профилі
Қауіпсіздік профилі жақсы зерттелген: Траумель С 80 жылдан астам уақыт қолданылып келеді, осы уақыт ішінде жүргізілген зерттеу деректері бойынша клиникалық маңызды жанама әсері анықталған жоқ6–8, бірақ аллергиялық реакция болуы мүмкін1. Мұндай жағдайларда препаратты қабылдауды тоқтатқан жөн.
- Траумель С жақпа май, таблеткалар түріндегі дәрілік препаратын медициналық қолдану жөніндегі
- Д. Д. Шафоренко, И. В. Пухтеева 2010-2019 ЖЫЛДАРДАҒЫ БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ГОМЕЛЬ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНДА СҮЙЕК-БҰЛШЫҚЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ДӘНЕКЕР ТІН АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛҒАНДЫҒЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. https://elib.bsu.by/bitstream/123456789/284770/1/364-367.pdf
- С. Н. СЕРЕБРЕННИКОВА, И. Ж. СЕМИНСКИЙ ҚАБЫНУ ПРОЦЕСІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ https://mir.ismu.baikal.ru/src/downloads/2ca69a5d_vospalenie_kpf.pdf
- Gonzalez de Vega C, Gonzalez J, on behalf of Traumeel Acute Ankle Sprain Spain Study (TAASS) Investigators. A randomized, controlled, multicenter study on the effectiveness of Traumeel in terms of pain reduction and function improvement compared with d. gel in acute ankle sprain.Ann Rheum Dis 2012; 71 (Suppl III): Abstract [SAT0423].
- C. González de Vega, C. Speed, B. Wolfarth, J. González. Traumeel vs. d. for reducing pain and improving ankle mobility after acute ankle sprain:Amulticentre, randomised,blinded, controlled and non-inferiority trial. Int J ClinPract. 2013. doi: 10.1111/ijcp.12219.
- Zell J, Connert WD, Mau J, Feuerstake G. Behandlung von akutenSprunggelenksdistorsionen: DoppelblindstudiezumWirksamkeitsnachweiseineshomöopathischenSalbenpräparats [Treatment of Acute Sprains of the Ankle: A Controlled Double-Blind Trial Test the Effectiveness of a Homeopathic Preparation]. Fortschr Med. 1988;?106(5): 96-100. (English translation available in: BiolTher. 1989; VII(1):1-6).
- Böhmer D, Ambrus P. Behandlung von Sportverletzungenmit Traumeel-Salbe – KontrollierteDoppelblindstudie [Treatment of Sports Injuries with Traumeel Ointment: A Controlled Double-Blind Study]. BiologischeMedizin. 1992;XXI(4):260-268. (English translation available in: BiolTher. 1992;X(4):290-300).
- Orizola AJ, Vargas F. The Efficacy of Traumeel® Versus D. and Placebo Ointment in Tendinous Pain in Elite Athletes. A Randomized Controlled Trial. Med Sci Sports Med Exerc.2007;39(5,Suppl.): S79, abstract 858.
Траумель С, ішке қабылдауға арналған таблеткалар, ТК: ҚР-ДЗ-5№022563, 19.05.2021ж. Тіркеу мерзімінің өтетін күні: мерзімсіз. Траумель С, сыртқа қолдануға арналған жақпа май, ТК: ҚР-ДЗ-5№016216, 27.07.2020ж. Тіркеу мерзімінің өтетін күні: мерзімсіз. Дәріханадан босату шарттары: рецептсіз. «GO PHARM» ЖШС. 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 75А үйі, 102-103-оф. Эл. пошта: aemservices@mail.ru. Тел.: +7 707 798 83 99