Лимфа жүйесінің жұмысы байқалмайды.

Біз лимфа қозғалысының жылдамдығын, оның қысымын немесе қан айналымы жүйесінде айтарлықтай оңай анықталатын басқа көрсеткіштерін есептей алмаймыз. Бірақ бұл лимфа жүйесі ағза үшін екінші дәрежелі рөл атқарады дегенді білдірмейді. Ол адам ағзасының ең аз зерттелген жүйелерінің бірі болса да, оның денсаулық сақтаудағы маңыздылығы даусыз1, 2

Препаратты сатып алыңыз Препаратты сатып алыңыз
біздің серіктес Қазақстанда

Лимфа жүйесінің құрылысы мен функциялары1, 2

Лимфа жүйесінің құрамына капиллярлар, тамырлар, түйіндер, жолдар және діңдер кіреді. Байқап отырғанымыздай, бұл тізімде «сорғы» немесе «жүрек» жоқ. Бұл рөлді бұлшықеттер атқарады. Олар қысқару арқылы лимфаны итереді, ал ол әрқашан төменнен жоғарыға қарай жылжиды.

Лимфа жүйесінің ең маңызды бөлігі лимфа түйіндері болып табылады.Оларда әртүрлі патогендерді зиянсыздандыратын және ағзаны инфекциядан қорғайтын лимфоциттер, антиденелер мен басқа белсенді компоненттер шығарылады. Жүйенің функциялары мұнымен бітпейді.

Жасушааралық сұйықтықтан ақуыздарды, майларды, ферменттерді, гормондар мен басқа заттарды сіңіру және оларды қан айналым жүйесіне тасымалдау.

Гомеостазды қалыпта сақтау
(ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы).

Иммундық жүйенің қалыпты жұмысын сақтау.

Сонымен қатар, маңызды функциясы тіндерден артық сұйықтықты кетіру (лимфодренаж) болып табылады3.

Қандай ауруларда лимфодренаж функциясы бұзылуы мүмкін

Лимфа қозғалысының бұзылуы әдетте «сүзгілер» бітеліп қалған кезде байқалады, ал бұл рөлді лимфа түйіндері атқарады.

Олар әдетте бактериялардан ластанады.. Нәтижесінде лимфа түйіндерінің қабынуы – лимфаденит пайда болады.

Бұл проблема лимфа түйіндері бар дененің кез келген бөлігінде өрбуі мүмкін. Атап айтқанда, мұндай бұзушылықтар созылмалы тонзиллит болғанда – таңдай бадамша бездері қабынғанда байқалуы мүмкін. Таңдай бадамша бездері салыстырмалы түрде кішкентай екеніне және ауыз қуысы мен жоғарғы тыныс жолдарының «қауіпсіздігіне» жауап беретініне қарамастан, олардың қабынуы зат алмасуға және лимфа жүйесінің қалыпты жұмысына әсер етуі мүмкін4.

Лимфодренаж функциясының бұзылуына байланысты аурулардың бірі лимфа диатезі болып табылады. Бұл ауру балаларда кездеседі, тұқым қуалайтын сипатқа ие және лимфа түйіндерінің ұлғаюына ұштасады, нәтижесінде аллергиялық және инфекциялық ауруларға бейімділік артуы мүмкін5

Биореттеуші медицина
және лимфодренаж функциясын қалпына келтіру

Биореттеуші медицина – адам ағзасына ерекше көзқарас тұрғысынан келуге негізделген ғылымдағы жаңа бағыт.

Биореттеуші медицинаның қағидалары бойынша біздің ағзамыздағы барлық процестер өзара байланысты, сондықтан тізбектің бір буыны бұзылса, басқаларының да жұмысы өзгереді.

Биореттеуші медицинаның негізгі міндеті белгілі бір процестерге әсер етудің есебінен ағзаның дертті өздігінен еңсеруіне көмектесу болып табылады6.

Осы орайда екінші дәрежелі, бірақ маңызы жағынан кем түспейтін тағы бір міндеті – сауатты профилактика арқылы иммунитетті нығайту, бұл аурулардың даму қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Лимфа түйіндерінің үлкеюйімен және ісінуімен байланысты инфекция жағдайында лимфа жүйесінің жұмысын қалыпта сақтау үшін көп компонентті Лимфомиозот Н препаратын қолдануға болады.

Лимфомиозот Н Германияда тиісті түрдегі өндірістік тәжірибе стандарттарына (GMP) сәйкес және биореттеуші жүйелік медицина қағидалары ескеріліп өндіріледі.

Лимфомиозот Н – бадамша бездері немесе басқа лимфа түйіндері ісінгенде, үлкейгенде, сондай-ақ лимфа диатезі болған жағдайда лимфодренаж функциясын қалыпта сақтауға көмектесетін кешенді биореттеуші препарат7.

Қолдануға көрсетімдер, қолдануға болмайтын жағдайлар және қолдану ерекшеліктері7

Қолдануға көрсетімдер Қолдануға болмайтын жағдайлар Қолдану тәсілдері

Лимфомиозот Н препаратын келесі жағдайларда лимфа жүйесін қолдау үшін қолдануға болады:

Лимфа түйіндерінің үлкеюімен бірге жүретін инфекциялар.
Аяқ-қолдың жеңіл ісінуін кешенді емдеу.

Қолдануға болмайтын жағдайлардың ішінде белсенді заттарға немесе кез келген қосалқы заттарға жоғары сезімталдық атап көрсетіледі.

    Лимфомиозот Н препаратын өмірдің алғашқы күндерінен бастап қолдануға болады. Осы орайда әртүрлі жас топтары үшін әртүрлі стандартты дозалар пайдаланылуға тиіс:
  • Туылғаннан бастап 2 жасқа дейінгі балалар – тәулігіне 3 рет 3 тамшыдан.
  • 2 - 5 жастағы балалар – тәулігіне 3 рет 5 тамшыдан.
  • 6 - 11 жастағы балалар – тәулігіне 3 рет 7 тамшыдан.
  • 12 жастан асқан балалар мен ересектер – тәулігіне 3 рет 10 тамшыдан.
    Жіті жағдайдағы бастапқы доза.
  • Туылғаннан бастап 2 жасқа дейінгі балалар – әр 30-60 минут сайын 3 тамшы, бірақ күніне 12 реттен көп емес.
  • 2 - 5 жастағы балалар – әр 30-60 минут сайын 5 тамшы, бірақ күніне 12 реттен көп емес.
  • 6 - 11 жастағы балалар – әр 30-60 минут сайын 7 тамшы, бірақ күніне 12 реттен көп емес.
  • 12 жастан асқан балалар мен ересектер – әр 30-60 минут сайын 10 тамшы, бірақ күніне 12 реттен көп емес.

Жағдайды қалыпқа келтіргеннен кейін препаратты стандартты доза бойынша қабылдау тағайындалуы мүмкін.
Емдеу курсы 2-5 апта. Лимфомиозот Н тамақтану арасындағы аралықтарда қабылданады.

Жүктілік немесе лактация кезінде:
Препараттың құрамындағы гомеопатиялық сұйылтылған заттардың жүктілік және бала емізу кезінде қаншалықты уытты болатыны зерттелмеген. Жүктілік және бала емізу кезінде қолданар алдында дәрігердің кеңесін алу қажет.

Құрамы

Лимфомиозот Н препаратының құрамына ағзаға жан-жақты әсер етуі мүмкін болатын шығу тегі әртүрлі 16 компонент кіреді. Атап айтқанда, олар лимфа жүйесінің жұмысын белсендіруге бағытталып, оның лимфодренаж функциясын жақсартуға, ағзаның табиғи метаболизмін қалпына келтіруге септеседі.

Медициналық
қолдану жөніндегі Нұсқаулық
ҚАЙДАН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ?
Препаратты Қазақстандағы серіктесімізден сатып алу
  1. Лобов Г.И., Орлов Р.С. Лимфа тасымалын реттеудің жасушалық механизмдері // И. М. Сеченов ат. Физиолог. журн. 1995;81(6):19–26. [Gennady I. Lobov, Ratmir S. Orlov R.S. Cellular mechanisms of regulation of lymph transport. Russian Journal of Physiology.1995;81(6).19–26. (In Russ.)].
  2. Aukland K, Reed RK. Interstitial-lymphatic mechanisms in the control of extracellular fluid volume. Physiological Reviews. 1993;73:1–78. Doi: 10.1152/physrev.1993.73.1.1.
  3. Т.И. Шалина, Л.А. Петрова ЛИМФАЛЫҚ ЖӘНЕ ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕЛЕР. Оқу-әдістемелік құралы. ИРКУТСК – 2012 ж. https://mir.ismu.baikal.ru/src/downloads/a5f6f78b_metod_limf_i_immun_sis.pdf
  4. Leah N. Cueni, M.Sc. and Michael Detmar, M.D.//The Lymphatic System in Health and Disease // Lymphat Res Biol. 2008; 6(3-4): 109–122.
  5. А.П. МОЩИЧ, Н.А. КАЛИНИЧЕНКО Отбасылық дәрігердің тәжірибесінде лимфа-гипопластика диатезін рационалды түзету. Ліки України • Medicine of Ukraine №9-10 (215-216) /2017 https://www.health-medix.com/articles/liki_ukr/2017-12-08/5.pdf
  6. Goldman A., Burmeister Y., CesnuleviciusК. Bioregulatory systems medicine: an innovative approach to integrating the science of molecular networks, inflammation, and systems biology with the patient’s autoregulatory capacity // Front Physiol. 2015. Vol. 6. P. 225.
  7. Лимфомиозот® Н дәрілік препаратын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық, ТК: ҚР-ДЗ-5№022609 17.05.2021 ж.

Лимфомиозот Н, ішке қабылдауға арналған тамшылар, ТК: ҚР-ДЗ-5№022609, 17.05.2021ж.
Тіркеу мерзімінің өтетін күні: мерзімсіз. Дәріханадан босату шарттары: рецептсіз.
«GO PHARM» ЖШС. 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 75А үйі, 102-103-оф. Эл. пошта: aemservices@mail.ru. Тел.: +7 707 798 83 99.